AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Жалақылары 25%- ға өсті

Жалақылары 25%- ға өсті

Білім және ғылым 30.11.2022, 05:12 1,813
Жалақылары 25%- ға өсті
almaty-akshamy.kz

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті өз қызметкерлерінің еңбекақысын көтереді


Кез келген университеттің бәсекелестік артықшылықтарын жасау және оны сол деңгейде ұстап тұру, ең алдымен, оның бәсекеге қабілетті лайықты еңбекақы алатын кадрларына байланысты.


ҚазҰАЗУ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта "Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ-та оқитын студенттер контингенті шамамен 6500 адамды құрайды, ал профессор-оқытушылар құрамы (ПОҚ), әкімшілік - басқарушы персонал (ӘБП), оқыту-көмекші персонал (ОКП), қызмет көрсететін (ҚК) құрамның саны 1800 адамды құрайды, яғни 3-4 студентке бір қызметкерден келеді.


Мұндай жағдайда университетті тиімді басқару туралы сөз айтудың өзі мүмкін емес.


Сондықтан ҚазҰАЗУ Басқармасы ӘБП, ОКП және ҚК санын айтарлықтай қысқарту туралы шешім қабылдады.


Сонымен қатар, университет басшылығының ұсынысы бойынша, Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес ҚазҰАЗУ Басқармасының саны 10-нан 6 адамға дейін қысқарды, орынбасарлардың, проректорлардың және басқа да басшы кадрлардың саны екі есеге азайды.


Қысқартылуға түскен барлық штаттық қызметкерлерге қолданыстағы заңнамаға сәйкес бір ай бұрын хабарламалар берілді, әрі жұмыстан шығу жәрдемақылары толық төленетінін атап өткен жөн.



Басқару штатын мұндай оңтайландыру университетке 2022 жылғы 1 қазаннан бастап профессор-оқытушылар құрамының жалақысын 25%-ға арттыруға, ал ағымдағы жылдың 22 желтоқсанынан бастап  ӘБП, ОКП, ҚК жалақысын 25%-ға арттыруға мүмкіндік туғызды. Жаңа 2023 жылы рейтингтік бағалау негізінде университет қызметкерлерінің ең белсенді бөлігінің тиімді еңбек үлесін ескере отырып, ӘБП, ОКП, ҚК құрамының жалақы мөлшерін 40-50%-ға дейін және одан да көп ұлғайтуға мүмкіндік беретін ынталандыру жүйесін енгізу жоспарлануда.   



ҚазҰАЗУ-дың түпкі мақсаты – профессор-оқытушылар құрамы мен ЖОО қызметкерлерінің еңбекақысын еліміздің жетекші университеттерінің деңгейіне көтеру.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ #универ #жалақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);