AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Израиль Иранға әуе соққыларын жасады

Израиль Иранға әуе соққыларын жасады

Әлем 26.10.2024, 10:52 1,582
Израиль Иранға әуе соққыларын жасады
Сурет видео скрині

Израиль әскери күштері Ирандағы әскери нысандарға «дәл соққы» жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BBC News.

ЦАХАЛ түнгі сағат 2 шамасында «Иран режимінің Израильге қарсы тұрақты шабуылдарына» жауап ретінде Ирандағы әскери нысандарға дәл соққылар жасалғанын жариялады.

Израильдің Иранға берген бұл жауабы Тегеранның 1 қазанда Израильге жаппай шабуыл жасап, 200-ге жуық баллистикалық зымыран атуынан кейін жасалған жоспарлы әрекет еді. Бұл шабуыл Израильдің Бейруттегі «Хезболла» тобының штаб-пәтеріне жасаған соққысынан қаза тапқан «Хезболла» жетекшісі Хасан Насралланың өліміне жауап ретінде болды.

Израильдің жауап шабуылының толық ауқымы әлі анықталмағанымен, Израильдің қоғамдық телеарнасы ондаған жойғыш ұшақ Иранның әскери нысандарына соққы жасағанын хабарлады, деп жазды Reuters.

Иранның Fars ақпарат агенттігі Тегеранның батысы мен оңтүстік-батысындағы бірнеше әскери базаның Израильдің шабуылына ұшырағанын растады.

NBC News және ABC News хабарлауынша, Израильдің шабуылдарына энергетикалық инфрақұрылым немесе ядролық нысандар кірмеген, деп мәлімдеді израильдік шенеунік.

Израильдің 12 телеарнасының мәліметіне сәйкес, соққылардың негізгі нысанасы – Иранның қорғаныс өнеркәсібінің орталық әскери нысандары, соның ішінде зымыран зауыттары, ұшқышсыз ұшақтарды әзірлеу және өндіру нысандары, сондай-ақ баллистикалық зымырандарды ұшыру базалары болды.

Иранның мемлекеттік телеарнасы Тегеран маңында «күшті жарылыс» болғанын хабарлады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#израиль #Иран #Хезболла
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Германияның экономикалық қауымдастықтары мен қаржы институттары жетекшілерімен кездесті

Бүгін 14:45

Дархан Сатыбалды Алматының жылумен қамту нысандарының жылу маусымына дайындығын тексерді

Бүгін 14:38

Егін жинау науқаны – 2026: Олжас Бектенов жиналған астықтың сақталуы және диқандарды ерте қаржыландыру жұмыстарын бастауды тапсырды

Бүгін 14:30

Жекелеген облыстарда жылыту маусымының басталуына санаулы күндер қалды: Олжас Бектенов әкімдерге дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

Бүгін 13:45

Астанада Орталық Азия елдері мен АҚШ жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін 13:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);