AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Израиль – Иран қақтығысының толық хронологиясы: Қа...

Израиль – Иран қақтығысының толық хронологиясы: Қазақстан қандай шешім қабылдады?

Әлем 01.03.2026, 09:18 470 Дина
Израиль – Иран қақтығысының толық хронологиясы: Қазақстан қандай шешім қабылдады?
REUTERS

Таяу Шығыста жағдай күрт шиеленісіп, Израиль мен Иран арасындағы әскери қақтығыс ашық текетіреске ұласты. Оқиғалар бір күннің ішінде бірнеше кезеңмен өрбіді. Аqshamnews.kz тілшісі басты хронологияны ұсынады.

Израиль «превентивті соққы» жасағанын мәлімдеді

28 ақпанда Израиль Иранға қарсы «превентивті соққы» жасағанын ресми түрде жариялады. Тегеранда кемінде бірнеше жарылыс тіркелген.

Israel Defense Forces (ЦАХАЛ) ел аумағында төтенше жағдай режимі енгізіліп, халыққа ықтимал зымыран соққыларына дайын болу жөнінде ескерту жасалғанын хабарлады. Сиреналар қосылып, азаматтарға паналау орындарына жақын жүру тапсырылған.

Израиль неге мұндай қадамға барды?

Израиль билігі бұл қадамды «елге төнген қауіптің алдын алу» деп түсіндірді. Ресми мәлімдемеде операцияның Иран тарапынан болуы мүмкін қауіп-қатерге жауап ретінде жасалғаны айтылды.

АҚШ позициясы қандай?

Көп ұзамай АҚШ президенті Дональд Трамп операция Иранның ядролық және зымыран бағдарламаларына қарсы бағытталғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, Вашингтон Тегеранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермеуді мақсат етеді.

Иранның жауап шабуылы

Сол күні Иран Израильге және АҚШ-тың Таяу Шығыстағы бірқатар әскери нысандарына жауап соққы жасады.

Израиль бағытына ондаған баллистикалық зымыран ұшырылғаны хабарланды. Сонымен қатар АҚШ-тың Бахрейн, БАӘ, Катар мен Кувейттегі базаларына да қауіп төнгені айтылды.

Тегеранның мәлімдемесі

Тегеран Вашингтон мен Тель-Авивтің әрекетін халықаралық құқықты бұзу деп бағалады. Иран тарапы «қызыл сызық қалмағанын» айтып, қарсы іс-қимыл ауқымы кеңеюі мүмкін екенін ескертті.

Трамптың қатаң мәлімдемесі

Дональд Трамп АҚШ-тың Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастағанын растады. Ол бұл әрекетті Америка мен оның одақтастарын қорғау қадамы ретінде сипаттады.

Сонымен қатар Трамп Иран халқына үндеу жасап, билікті өз қолына алуға шақырды.

Еуроодақтың реакциясы

Еуропалық Одақ басшылары жағдайға алаңдаушылық білдіріп, тараптарды сабырға шақырды. Брюссель негізгі екпінді дипломатиялық жолмен реттеуге және бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттап отыр.

Қазақстанның шұғыл шешімдері

Аймақтағы ахуалға байланысты Қазақстан да жедел шаралар қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев күштік құрылымдарды тәулік бойы жұмыс режиміне көшіру туралы тапсырма берді. Үкіметте арнайы мониторинг тобы құрылып, жағдай тұрақты бақылауға алынды.

Әуе кеңістігі жабылып, рейстер тоқтатылды

Қақтығыс салдарынан Таяу Шығыс бағытындағы әуе кеңістігіне шектеулер енгізілді.

Air Astana аймақтағы бірқатар рейстерін уақытша тоқтатып, бағыттарды қайта жоспарлай бастағанын хабарлады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Иран #израиль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Бүгін 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Бүгін 17:38

1 маусымда Алматыда балаларға арналған қандай іс-шаралар өтеді?

Бүгін 17:36

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Чэнь Вэньцинмен кездесті

Бүгін 17:33

Алматыдан Еуропаға: Варшаваға тікелей әуе рейсі ашылады

Бүгін 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);