Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Юлия Путинцева WTA 500 турнирінің үшінші айналымын...

Юлия Путинцева WTA 500 турнирінің үшінші айналымына шықты

Спорт 21.06.2022, 04:41 1,122
Юлия Путинцева WTA 500 турнирінің үшінші айналымына шықты
Сурет: Inform.kz

Жарты сағаттан астам уақытқа созылған бәсекеде жеңіске жетті.


Әлемнің 33-ракеткасы Юлия Путинцева Истборн (Ұлыбритания) WTA 500 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Жарысты екінші айналымнан бастаған Путинцева әлемнің 40-ракеткасы, испаниялық Сара Соррибес-Тормомен шеберлік байқасты. Тартысты өткен бірінші партияда Юлия таразы басын өзіне аудара білді – 7:5. Екінші сетте Юлия 4:0 есебімен алға кетті. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:1. Жарты сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 1 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың алтауын пайдалана білді. Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 5-ракеткасы, грекиялық Мария Саккари немесе дүниежүзілік рейтингте 36-орында тұрған украиналық Ангелина Калининаның біреуімен таласады.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина екінші айналымда рейтингте 114-сатыдағы тағы бір украиналық Леся Цуренкомен кездеседі.

Ерлер арасында Истборн ATP 250 турнирінде Александр Недовесов пәкстандық Айсам Курешимен бірге бастапқы кездесуін сәтті өткізді. Олар ұлыбританиялықтар Джулиан Кэш – Генри Паттенді 6:4, 7:6 (7:4) есебімен ұтып, ширек финалға шықты. А.Недовесов пен А.Курешидің ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#теннис #Қазақстан #Юлия Путинцева
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Бүгін 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Бүгін 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Бүгін 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика