AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Юлия Путинцева Әбу-Дабиде АҚШ чемпионын ұтты

Юлия Путинцева Әбу-Дабиде АҚШ чемпионын ұтты

Спорт 08.02.2023, 03:10 1,460
Юлия Путинцева Әбу-Дабиде АҚШ чемпионын ұтты
Сурет: Ашық дереккөз

Тай-брейкте қазақстандық теннисші айқын басымдылық танытты


Қазақстанның екінші, әлемнің 45-ракеткасы Юлия Путинцева Әбу-Даби WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Негізгі додаға іріктеу сайыстарынан кейін қосылған Ю.Путинцева алғашқы айналымда әлемнің 37-ракеткасы, 2019 жылғы US Open турнирінің чемпионы, канадалық Бьянка Андреескумен шеберлік байқасты.


Бірінші партияда қарсыластар үш-үштен брейк алмасты. Тай-брейкте қазақстандық теннисші айқын басымдылық танытты – 7:6 (7:2).


Екінші сетті Юлия брейкпен бастады – 2:0. Содан кейін тағы бір брейк жасап, есепті 4:0-ге жеткізді. Ақыры матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:2.


Бір сағат 40 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 2 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 3 эйс, 3 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.


Ю.Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 14-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен таласады.


Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакинаның да қарсыласы анықталды. Жарысты екінші айналымнан бастайтын Е.Рыбакина рейтингте 20-орындағы чехиялық Каролина Плишковамен кездеседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#теннис #Юлия Путинцева
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 21:51

Наурыз жаңа форматта: мереке алғаш рет Алматы ипподромында өтті

Бүгін 20:02

Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?

Бүгін 19:34

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 18:23

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика