Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Южный» қазандығының қуаты артады

«Южный» қазандығының қуаты артады

Әлеумет 07.03.2024, 04:58 804
«Южный» қазандығының қуаты артады
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

2023 жылы қайта құрудан кейін «Южный» қазандығы іске қосылып, қуаты 41% - ға 190 Гкал/сағ. дейін ұлғайды. Сонымен қатар, Есқараев көшесі мен Гагарин даңғылында «Орбита» қазандығымен жалғасатын 900 метр жылу желісі қайта құрылды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Осы жылдың қыркүйегіне дейін Есқараев көшесінің бойымен  660 метр жылу желілерін қайта құру жоспарланған.


Өткен жылы 3,5 шақырым су құбырын қайта жаңарту жұмыстары аяқталса, биыл 3,2 шақырым желі құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.



Ауданның жоғарғы бөлігінде тұратын тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту үшін «Ерменсай» шағын ауданында өнімділігі тәулігіне 9 мың м3 су жинау құрылысын салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Мемлекеттік сараптамасы осы жылдың мамыр айында шығады деп күтіп отырмыз. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының болжамды құны – 17 млрд. теңге. Сонымен қатар, «Нұрлытау» шағын ауданында сумен қамтамасыз ету үшін 62 шақырым және су бұру үшін 34 шақырым желілерін салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлену үстінде. Бұл құрылыс жұмыстарының да мемлекеттік сараптамасы мамыр айында шығады деп болжап отырмыз. Жоспарланған жұмыстың болжамды құны – 14 млрд. теңге, деді қала әкімі.



Осы жылы жалпы суммасы 7 млрд. теңге болатын жалпы ұзындығы 7,5 шақырым инженерлік желілерді қайта жаңарту жоспарланып отыр. Оның ішінде 500 метр кәріз, 5,3 шақырым жылу желілері  және 1,7 шақырым орташа қысымды жерасты газ құбыры.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Южный #қазандық #жылу жүйесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мәңгілікке айналған мұра

Бүгін 12:04

Ғылымға салынған инвестиция

Бүгін 11:58

Бибігүл Жексенбай жеткізу және такси саласында жұмыс істейтін азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуді ұсынды

Бүгін 11:51

Алматыда жылу желілеріне сынақ жүргізіледі: тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады

Бүгін 11:37

Алматылық спортшы жасөспірімдер арасындағы таэквондодан әлем чемпионатында қола жүлде иеленді

Бүгін 11:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика