Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / ІТ байқаудың жеңімпазына 1,5 млн теңге сыйақы бері...

ІТ байқаудың жеңімпазына 1,5 млн теңге сыйақы беріледі

Білім және ғылым 24.03.2022, 08:09 1,596
ІТ байқаудың жеңімпазына 1,5 млн теңге сыйақы беріледі
Сурет: Rubryka.com

Студенттер марапаттан бөлек жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.


IT сайыс 26-27 наурыз күндері  Нұр-Сұлтан қаласында офлайн форматта өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Білім және ғылым министрлігі алғаш рет университеттер мен колледждер студенттері арасында BILIM Hackathon 2022 IT байқауын өткізеді.


Бас жүлде иегерлері 1,5 миллион теңге алады. Екінші орынның жүлде қоры – 1 миллион теңге, үшінші орын – 500 мың теңге.



«Жеңімпаздар, яғни студенттер, марапаттан бөлек, жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады», - деп хабарлады Білім министрлігінің баспасөз қызметі.



IT сайыс 26-27 наурызда өтеді. Қазылар алқасының құрамына белгілі IT-компаниялар өкілдері кіреді. Үздік қатысушылар жұмысқа шақыру алады.



«Елімізде түрлі IT жобаларды әзірлейтін дарынды жастар көп. Оларды байқауға қатысуға шақырамыз. Сайысқа университет және колледж студенттері, одан бөлек, басқа да бағдарламашылар қатыса алады. Әр оқу орнынан бір командаға қатысуға рұқсат етіледі. Хакатонға қатысу үшін өтінімдерді monhackathon@gmail.com электронды поштасына жіберуге болады. Өтінімге команда атауын, қатысушылардың аты-жөні мен ұйым атауын көрсету қажет», - деді білім және ғылым вице-министрі Айбат Ілиясов.



Сайысқа қатысатын студенттерге түрлі тапсырма беріледі. Мысалы, еркін тақырыпта да, берілген тақырып бойынша да білім саласындағы цифрлық шешімдер бойынша жоба дайындау.


Байқау білім және ғылым саласында жаңа IT жобаларға бастамашылық ету, сондай-ақ қазіргі және болашақ IT мамандарды ынталандыру мақсатында өткізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ІТ #Студент #байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Күрес түрлерінен Азия чемпионатына кімдер қатысады?

Бүгін 15:26

Атырауда әйел итті күрекпен аяусыз ұрған - видео

Бүгін 14:56

Қарт әкесін азаптаған ер адамға жаза күшейтілді

Бүгін 14:34

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады

Бүгін 14:14

Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды

Бүгін 14:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика