AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ірі қара мен ұсақ малды әкетуге арналған квота енг...

Ірі қара мен ұсақ малды әкетуге арналған квота енгізілмек

Әлеумет 17.03.2023, 11:58 1,142
Ірі қара мен ұсақ малды әкетуге арналған квота енгізілмек
Сурет: ашық дереккөз

Ауыл шаруашылығы министрлігі тірі ірі қара мен ұсақ малды Қазақстан аумағынан әкету үшін квота енгізбек. Бұл туралы ашық талқыға шығарылған ведомство басшысының бұйрығында жазылған, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.



«Қазақстан аумағынан үшінші елдер мен Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне 60 000 бас тірі ірі қара малды және 120 000 бас тірі қой мен ешкіні әкетуге 6 ай мерзімге квота енгізілсін», - деп жазылған бұйрықта.



Белгіленген сандық шектеуден асып кеткен жағдайда, жануарлар карантинге қойылады және құзырлы орган оларға ветеринариялық сертификат беруді бұғаттайды.


Құжатқа сәйкес, бұқаларды карантинге қою үшін лимит 60 мың бас. Оның ішінде:


- бордақылау алаңдары үшін – 30 000 бас;


- тауар өндірушілер үшін – 30 000 бас.


Ал еркек тоқтыларды карантинге қою үшін лимит 120 мың бас. Оның ішінде:


- бордақылау алаңдары үшін – 30 000 бас;


- тауар өндірушілер үшін – 90 000 бас.



«Қазақстан аумағынан бұқаларды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимиттің жиынтық мөлшері 500 бастан аспайды. Ал тауар өндіруші үшін 200 бастан көп болмауы тиіс. Еркек тоқтыларды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимиттің жалпы көлемі - 1 000, бір тауар өндіруші үшін 500 бастан аспауы қажет», - делінген құжатта.



Бұйрық 4 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ірі қара #ешкі #Қой
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды

Бүгін 19:30

Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдеріне мәдени-гуманитарлық салада қол жеткізілген уағдаластықтар жөнінде әңгімеледі

Бүгін 18:49

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 18:40

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Бүгін 18:13

Алматы әкімі сел қаупі бар учаскелердің картасын әзірлеуді тапсырды

Бүгін 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);