AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Ірі көлемде есірткі тасымалдаған алматылық курьер...

Ірі көлемде есірткі тасымалдаған алматылық курьер ұсталды

Заң мен тəртіп 13.06.2025, 17:23 869 dulatbekova
Ірі көлемде есірткі тасымалдаған  алматылық курьер ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Алматы облысында "Қарасора-2025" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер аса ірі көлемдегі психотроптық заттарды тасымалдаған курьерді ұстады.

 Ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті мен облыстық басқарма қызметкерлері Талғар ауданында Volkswagen Jetta көлігін тоқтатып, 33 жастағы Алматы қаласының тұрғынын ұстады.

 Көлік салонын тексеру кезінде алдыңғы орындықтың астынан ерекше иісі бар сөмке табылды. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайында жүргізілген тінту барысында ақ түсті ұнтақ зат салынған орам, түрлі-түсті таблеткалар, электронды таразылар, орау материалдары мен магниттер тәркіленді.

Сараптама нәтижесінде бұл заттардың 200 грамнан астам 3-хлорметкатинон және 180 грамнан астам метилендиоксиметамфетамин (экстази) екені анықталды. Тергеу барысында күдіктінің осы жылдың ақпан айынан бастап интернет-дүкеннің есірткі курьері болып жұмыс істегені, төлемді криптовалюта арқылы алғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткі жеткізу арналары мен қылмыстық сызбаның басқа қатысушыларын анықтауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізілуде.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#есірткі #курьер #ірі көлем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық 8 боксшы Азия чемпионатында медальға ілікті

Бүгін 11:32

Қазақстанда қанша соғыс ардагері қалды?

Бүгін 10:38

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Бүгін 09:39

Алматыдағы демалыс күнгі жәрмеңке

Кеше 19:54

Алматы әкімі «Вечерний Алматы» газетінің журналистерін басылымның 90 жылдық мерейтойына орай мемлекеттік наградалармен марапаттады

Кеше 19:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);