AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи қаза тапты...

Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи қаза тапты – БАҚ

Әлем 01.03.2026, 09:37 331 Дина
Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи қаза тапты – БАҚ
Masa media

Израильдік БАҚ пен халықаралық агенттіктер Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи израильдік әуе соққысы салдарынан көз жұмған болуы мүмкін екенін хабарлады, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Reuters және Израильдің 12-арнасы Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи резиденциясына жасалған әуе соққысынан қаза тапқан болуы ықтимал деген ақпарат таратты. Мәлімет аты-жөнін жарияламаған израильдік жоғары лауазымды шенеунікке сілтеме жасап берілген.

Ал Axios тілшісі Барак Равид Израильдің АҚШ-тағы елшісі Йехиэль Лейтердің Хаменеи өлімі туралы мәліметті америкалық ресми тұлғаларға жеткізгенін жазды.

Бұған дейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иранға қарсы әскери операция басталғаннан кейінгі телеүндеуінде Хаменеи израильдік соққылар нәтижесінде көз жұмған болуы мүмкін екенін меңзеген.

«Бұл тиранның енді жоқ екенін білдіретін көптеген белгілер бар», – деген болатын ол.

Сонымен қатар, былтыр The New York Times Хаменеи ықтимал қақтығыс жағдайында билік транзитінің арнайы тетігін алдын ала белгілеп кеткенін жазған. Басылым мәліметінше, ол әскери және мемлекеттік лауазымдар үшін бірнеше деңгейлі мұрагерлік жүйесін бекіткен.

Сарапшылар ықтимал мұрагерлердің бірі ретінде Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджаниді атайды. Ол бұрын Ислам революциясы сақшылары корпусының басшысы болған және ел ішіндегі саяси ықпалы жоғары тұлғалардың бірі.

Әзірге ресми Тегеран бұл ақпаратты растаған да, жоққа шығарған да жоқ. Аймақтағы жағдай шиеленіскен күйінде қалып отыр.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иран аумағында ауқымды әскери операция басталғанын мәлімдеген еді.

Кенеттен басталған әскери шабуылдар салдарынан Таяу Шығыстағы жағдай күрделеніп, әуе қатынасы шектеліп, көптеген туристер елдеріне жете алмай отыр. Оның ішінде қазақстандықтар да бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);