Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Иранда жыл сайын лас ауадан 50 мыңдай адам қаза та...

Иранда жыл сайын лас ауадан 50 мыңдай адам қаза табады

Әлем 23.01.2025, 14:15 779
Иранда жыл сайын лас ауадан 50 мыңдай адам қаза табады
Сурет: Islam.kz

Ауаның ластануынан Иран экономикасы жыл сайын 12 млрд доллар шығын көріп келеді.

Ал өткен жылы (2024 ж.) парсы елінде лас ауаның кесірінен 50 мыңға тарта адам көз жұмған, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Иранның денсаулық сақтау министрі Мұхаммедреза Зафарған мәлімдемесінде келтірілген дерекке жөн сілтеген Anadolu ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 

Министр Таза ауа күніне арналған ұлттық жиналыста мінберден сөз алып, жыл сайын елдегі өлім-жітімнің 12,56%-ы ауаның ластануымен байланысты орын алатынын жасырмады. Халықаралық стандартқа сәйкес ауаның бір текше метрінде зиянды бөлшектердің мөлшері 5 микрограмнан асатын болса, яғни, шоғырланса, бұл деңгей ауаның ластанғанын білдіретін көрсеткіш. Ал Иран аумағындағы бұл көрсеткіш 12 микрограмға жеткен.

Иран халқы жылдың 247 күнін ластанған ауамен тыныстап өткізеді екен. Ал ел астанасы – Теһран қаласының тұрғындары жылына 353 күн ластанған ауамен тыныстауға тура келеді. Бұған ең алдымен ауа айналымы үшін Теһранның жағрафиялық тұрғыдан қолайсыз аймақта орналасқандығы себеп болып отыр. Бұдан бөлек, санкцияға байланысты тозығы жеткен автокөліктер де ауаның ластануына көп үлес қосып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Иран #лас ауа #зиян
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орталық Азия елдерінен келген ЮНИСЕФ делегациясы №36 Алматы қалалық емхананың жұмысымен танысты

Бүгін 12:38

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38

Ахметбек Қоңырбаев Президент Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін 11:37

Тегін оқып, офицерлік шен алып, 100% жұмысқа орналасады: Алматыда ІІМ академиясына қалай түсуге болатынын айтты

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика