AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / IPO шығатын КТЖ: пойыздар мен теміржол кімге тиесі...

IPO шығатын КТЖ: пойыздар мен теміржол кімге тиесілі болады?

Әлеумет 14.03.2025, 14:27 761 Nursok82
IPO шығатын КТЖ: пойыздар мен теміржол кімге тиесілі болады?
Cурет: aqshamnews.kz

«Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов ҚТЖ-ның IPO (алғашқы қоғамдық ұсыныс) өткізуді жоспарлап отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Акцияларды орналастыру үшін алдымен заңнамаға өзгерістер енгізу қажет болады.

«IPO-ға шығу үшін ішкі және халықаралық заңнаманың талаптарын сақтау керек. Сондықтан біз өзгерістер енгіземіз, егер бұл мүмкін болмаса, тиісті заң жобаларымен жұмыс істейміз», – деді Жақыпов.

Ол болашақ акционерлерге қандай активтер мен қандай үлес ұсынылатынын түсіндірді.

«Біз компанияның 20%-ға дейінгі акцияларын сатуды жоспарлап отырмыз. Акционерлер магистральды теміржол желісін емес, КТЖ компаниясының өзін иемденетін болады. Компанияның меншігінде магистральды теміржол желісі мен басқа да активтер бар», – деді ол.

Ал вагондар, теміржол және компанияның басқа мүлкі акционерлерге берілуі жоспарланбайды.

«Бұл Air Astana IPO-ға шыққанда ұшақтарды немесе ұшақ дөңгелектерін сатпады ғой. Болашақ және қазіргі акционерлер компанияның акцияларына ие болады, бірақ инфрақұрылымға емес», – деп қосты КТЖ директорлар кеңесінің төрағасы Болат Жәмішев.

Бұған дейін «Отбасы банкі» IPO-ға шығуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#IPO #Теміржол #пойыз #акция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенбіде Қазақстанда жаңбыр мен аптап ыстық қатар болады

Бүгін 09:04

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Кеше 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Кеше 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Кеше 20:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);