AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Интернетте ақпараттың қолжетімділігі - алаяқтар үш...

Интернетте ақпараттың қолжетімділігі - алаяқтар үшін оңай олжа

Заң мен тəртіп 08.10.2024, 08:50 1,226 dulatbekova
Интернетте ақпараттың қолжетімділігі - алаяқтар үшін оңай олжа
Сурет: Polisia.kz

Полиция азаматтарды сақ болуға шақырады!

ІІМ-де интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл туралы айтылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

– Ақпараттық технологиялар мен онлайн-қызметтердің дамуымен интернетте ақпарат қолжетімді. Бұл интернеттегі алаяқтыққа әкелуде. Соңғы жылдары бұл жиі жасалатын қылмысқа айналды, – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Мысалы, Қостанай тұрғыны DarkNet пен Telegram арқылы интернет-алаяқтық жасаған. Қаскөй 1,5 млн теңгеден астам табыс тапқаны анықталды. Ер адам “кардингпен”, яғни банк карталарының деректемелерін ұрлап және оларды қайта сатумен, сондай-ақ ақшаға компьютерлік вирустарды таратуды үйретумен айналысқан. Қазір фигурант ұсталып, сотталды.

– Шымкенттік алаяқ Instagram парақшаның дубликатын жасап, балалардың еміне ақша жинау арқылы адамдарды алдаған. Осылайша ол 32 млн теңге жинаған. Алаяқ ұсталды. Қамауда, – деді Қанат Нұрмағамбетов. 

Ведомство киберқылмыстарға қарсы күресті жүйелі түрде жүргізеді. Сәуір айында Украинаның Одесса және Запорожье қалаларында өткен халықаралық арнайы операция барысында бес алаяқтық call-орталық жойылды. Қаскүнемдер қазақстандық азаматтарға қатысты қылмыс жасаған. 30-дан астам күдікті ұсталды, қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Қыркүйек айында жедел іс-шараларды өткізу кезінде Алматы қаласында төрт call-орталық жойылып, 47 шетелдік ұсталды. Олар шет мемлекеттердің азаматтарына қатысты алаяқтықпен айналысқан. Тергеу шаралары жүргізіліп, тәркіленген техника тексеріліп жатыр. 

– Полиция азаматтарды сақ болуға шақырады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, – деді полиция полковнигі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#алаяқтық #интернет #ақпараттың қолжетімділігі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Бүгін 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Бүгін 18:42

Алматының ажары

Бүгін 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);