Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Интернет алаяқтықтан сақтанудың жолдары қандай?

Интернет алаяқтықтан сақтанудың жолдары қандай?

Заң мен тəртіп 01.08.2022, 09:00 1,770
Интернет алаяқтықтан сақтанудың жолдары қандай?
Сурет: Inform.kz

Министрлік қазақстандықтарға онлайн банкингтің паролін жиі ауыстырып тұруға кеңес берді.


Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай интернет алаяқтықтан сақтанудың жолдарын атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап



«Статистика бойынша, халықтың 90%-ы интернет қолданады. Желіде болған кезде мынадай сақтық шараларын қаперде ұстау керек. Ешқандай жағдайда өзін банк қызметкері немесе құқық қорғау органдарының өкілі ретінде таныстырып, телефон арқылы нұсқау беретін адамдардың сөзіне сенбеу керек. Құқық қорғау органдары ешқандай арнайы операцияны телефон арқылы жүргізбейді. Сондықтан пластик картаның реквизиттері, ақша аударымын жасағаны туралы түбіртектер, кодтар мен кілт сөздер сияқты жеке бастың деректерін ешкімге, тіпті банк пен құқық қорғау қызметкерлеріне де беруге болмайды», - дейді Жандос Сүйінбай.



Оның айтуынша, жеке деректерді бейтаныс, тексерілмеген сайттарға енгізуге де болмайды. Телефон арқылы беруге болмайды.



«Тексермей тұрып, алдын ала төлем жасаудан аулақ болу қажет. Тауарды алғаннан кейін ғана ақысын жіберуге тырысқан жөн. Күдікті келісім үшін ақша аударуға, табыс көзі ашық көрсетілмеген қаржылық схемаларға қатысуға болмайды. Ұялы телефонға тек App Store, Play market арқылы жүктелген қосымшаларды орнатып, қолдану қажет», - деді ІІМ өкілі.



Сондай-ақ ол бейтаныс нөмірден келген немесе экранға қайта-қайта шыға беретін спам-хабарламаларға жауап беруге, сілтемелерге кіруге болмайтынын ескертті.



«Алаяқтар көбінесе сілтеме арқылы өтіп төлем жасауды ұсынады. Олай істеуге болмайды. Банкинг қызметіне кіру үшін қойылған парольдерді жиі ауыстырып отырыңыз. Банктердің өзі ұсынатын 3D-қорғаныс қызметін пайдаланыңыз. Гаджетке лицензиясы бар антивирус бағдарламасын орнату қажет. Парольдерді күрделі етіп құрып, пайдалану керек. Байланыстың қауіпсіздігін тексеріп барып кіру қажет. Гаджеттерге «баладан қорғаныс» функциясын орнатқан артық болмайды. Интернеттегі жеке бас деректерін шектеп, құпия деректерді интернет арқылы беруден сақ болған жөн», - деді орталық бастығы.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Интернет алаяқтық #сақтану жолдары #күресу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Бүгін 18:47

Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана сүрілді

Бүгін 17:55

Тұтынушылық кредит алушылар азайған

Бүгін 17:37

2025 жылы 1757 ресейлік Қазақстан азаматтығын алған

Бүгін 17:10

Алматы үйленуден көш бастап тұр

Бүгін 16:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика