AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Инновациялық технологияларды игеру – заман талабы

Инновациялық технологияларды игеру – заман талабы

Білім және ғылым 18.10.2021, 08:15 1,941
Инновациялық технологияларды игеру – заман талабы
almaty-akshamy.kz

Алматы технологиялық университетінің ректоры Т.Құлажановтың әлеумет алдындағы есептік кездесуі кезінде негізгі ой осы тақылеттес өрбіді. Ректор Алматы технологиялық университетінің өткен оқу жылының есебі мен келер оқу жылының стратегиялық жоспарларын ортаға салды.


Технологиялық университеттің білім берудегі тиімділігі мен жоғары сапасына ұлттық рейтингтерден түспей келе жатқандығынан-ақ белгілі. Соңғы жылдары АТУ халықаралық білім беру торабына интеграция жасап жатыр. Ол әлемдік деңгейдегі ТОП–500 үздік оқу ордаларымен серіктестік орнатты. Тәжірибе және алдыңғы қатарлы инновациялық білім технологияларын алмасу, дидактикалық модельдер тануда сатылап дамып келеді. Соңғы 2 жылда 42 сынып жабдықталыпты.


Ректордың айтуынша, осы оқу жылында профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер өтетін пәніне сай біліктілік талаптарына сай қызмет көрсетті. Биыл олардың жалақылары пайыздық мөлшерде өскенін мәлім етті.  Есеп беру кезінде профессорлық-оқытушылық құрамның жыл бойы алған жетістіктері мен марапаттары да атап өтілді. Университет оқытушылық құрамды үздіксіз біліктілігін көтеру курстарына жіберіп, Жазғы мектепке қатыстырып, түрлі шетелдік тағылымдамалар мен курстарға жіберуді ұйымдатырып отыратындығы тілге тиек болды. Технологиялық сала бойынша ғылыми-инновациялық жобалар жүзеге асырылды. Жалпы алғанда еліміздің келешегіне ғылыми-зерттеу, ғылыми-инновация салалары бойынша бұл университет түлектерінің қосар үлесі зор болмақ.



Университеттің 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарында басты бағыттар айқындалған. Олардың қатарында еліміздің экономика саласын бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету; әлемдік тенденцияларға сай білім беруді модернизациялау; елдің индустриалды мүддесіне ғылыми тұрғыда үлес қосуын қамтамасыз ету көзделген. Болашақта QS рейтингі бойынша Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінде Топ – 100 халықаралық рейтингке ену және университеттер арасындағы Топ – 1000 әлемдік QS рейтингіне ену 2025 жылға дейін жоспарланып отыр.



 Ректордың баяндауынан кейін біршама студенттер сұрақ қойды. Ректордан сауалдарына жауап алды. Бұдан бөлек Қамқоршылық кеңестің төрайымы М.Сабралиева сөз алып, Қамқоршылық кеңестің мүшесі болған 25 компанияның басшыларының онлайн лекция оқып, студенттерге бағыт-бағдар беруге даярлығын ерекше атап өтіп, оларға алғыс білдірді. Кездесуге Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлы қатысып, өз тілектестігін білдірді. Қамқоршылық кеңестің мүшесі Өтегенова Ғалия Пархатовна жұмыс берушілер мен АТУ-дың арасындағы серіктестікке разылығын білдірді, жас мамандарды даярлау ісіне тікелей араласуға мүмкіндік беріп отырған университет басшылығына алғыс айтты. Студенттердің ата-аналары атынан Эмреева Акмарал Ерұланқызы және Тұрғынбаева Гүлзада Малайқызы алғыстарын айтты. 3 курс студенті Тапалов Димаш және Н.Назарбаев атындағы қордың стипендиаты, 4 курс студенті Карабаева Айымгуль – АТУ-ға алған білімдері мен соны ұсыныс-идеяларға ашықтығы үшін өз алғыстарын баян етті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #универ #құлжанов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);