Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Инфрақызыл жарқылы бар 300 Сергек орнату көзделіп...

Инфрақызыл жарқылы бар 300 Сергек орнату көзделіп отыр

Әлеумет 01.12.2023, 08:17 1,116
Инфрақызыл жарқылы бар 300 Сергек орнату көзделіп отыр
Сурет: Aлматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда жақсартылған функционалы бар 300 жаңа Сергек АӨК орнату көзделіп отыр


Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы мәслихаттың кезектен тыс сессиясында «Алматы қаласының жол трафигін талдау және зияткерлік қауіпсіздік жүйесі» мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасын кеңейтуді ұсынды.


Жоба бойынша шарт аясында 1341 аппараттық-бағдарламалық кешен (АӨК (7894 камера) қызмет көрсетіледі, оның 575 АӨК биыл іске қосылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Полиция департаментінің қажеттілігіне байланысты және Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасына және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларға сәйкес жобаны жақсартылған функционалы бар 300 жаңа АӨК-ке (1200 камера) кеңейту ұсынылды.



«Кеңейтуге келетін болсақ, «Көркем Телеком» ЖШС желілік учаскелерде шартта бекітілген АӨК қызмет көрсету құнын өзгертпей, функционалы жақсартылған, инфрақызыл жарқылмен 300 АӨК орнатады. Осылайша, келесі жылдың сәуіріне қарай 1641 АӨК Сергек (9094 камера) жұмыс істейді», - деді Цифрландыру басқармасының басшысы Олжас Жаңабек. 



2020 жылдан бастап «Сергек» АӨК бүгінгі күнге дейін ҚР ЖҚЕ 4 млн 996 мың 691 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. 35 млрд 614 млн 748 мың теңге айыппұл салынды, жергілікті бюджетке 27 млрд 532 млн 297 мың теңге өндірілді. Сонымен бірге, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің дерегіне сәйкес, 2022 жылдың қорытындысы бойынша 2019 жылмен салыстырғанда ЖКО саны 17%-ға, жолдағы өлім-жітім 40%-ға, жараланғандар саны 30%-ға азайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Сергек #орнату
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АБАЙТАНУШЫЛАР СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

Бүгін 19:50

Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі

Бүгін 18:42

Зейнеткерлерге қай ел жайлы?

Бүгін 17:39

Алматыда Жамбыл атындағы кітапхананың мерейтойы мен ақынның 180 жылдығы аталып өтті

Бүгін 17:27

Табысы төмен отбасыларға ақша беріледі деген рас па?

Бүгін 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі