AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Индонезия Қазақстанда автошиналар өндірісін ашуға...

Индонезия Қазақстанда автошиналар өндірісін ашуға ниетті

Әлеумет 26.05.2023, 03:50 1,028 Almaty-akshamy
Индонезия Қазақстанда автошиналар өндірісін ашуға ниетті
Сурет: Ашық дереккөз

Бұл туралы Индонезия Экономикалық мәселелер жөніндегі министрінің арнайы кеңесшісі Ризал Аффанди II Еуразиялық экономикалық форумында айтты


Қазақстан мен Индонезия екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін келешегі мол әлеуетке ие. Бұл туралы Индонезия Экономикалық мәселелер жөніндегі министрінің арнайы кеңесшісі Ризал Аффанди II Еуразиялық экономикалық форумында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Бізде екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшін зор мүмкіндік бар. Екі жыл бұрын біздің министрлік делегациясы Қазақстанда болды, содан кейін біз осы кооперацияны жалғастыруға және күшейтуге уағдаластық. Менің ойымша, оны дамытудың әлеуеті мол. Қазір де Еуразиялық экономикалық форум алаңдарында келіссөз жүргізіп, айтылған уағдаластықтарды іске асыру екі ел арасындағы өзара іс-қимылды күшейту үшін жағдай жасайтынын түсінеміз»,– деді арнайы кеңесші Ризал Аффанди.



Ол Қазақстанның Индонезияға көптеген тауар жеткізетінін, жалпы импортта елеулі үлесті иеленетінін атап өтті. Өз кезегінде Индонезия оларды ішкі нарық үшін де, Африка мен Таяу Шығыс елдеріне тауарларды экспорттау үшін де пайдаланады.


Сонымен қатар, бірлескен жұмыс үшін зор әлеует бірлескен өнеркәсіптік өндіріс саласындағы кооперация перспективаларымен де байланысты.



«Қазір біз Қазақстан аумағында автомобиль шиналарын өндіру жобасын іске асыру мүмкіндігін зерттеп жатырмыз. Бұл идеяны жүзеге асыру біздің сауда-экономикалық ынтымақтастығымызға жаңа серпін береді деп санаймын», – деп атап өтті Р. Аффанди.



Индонезия өкілі Астана мен Джакартаның халықаралық қатынастардың көптеген мәселелері бойынша ұқсас саяси көзқарастары бар екенін айтты.



«Бізде қандай да бір саяси қайшылықтар жоқ, Индонезия әлемнің көптеген елдерімен достық қарым-қатынаста, біздің жауымыз жоқ. Бұл ретте біздің елдерде сауда-экономикалық қатынастарды дамытуда зор мүмкіндік бар, ең бастысы – ынтымақтастығымызды нығайту. Елдер арасындағы тілдік кедергіні еңсеріп, Индонезия мен Қазақстан арасындағы ақпараттық кеңістікте жаңа көпірлер қалыптастыру қажет», – деп түйіндеді арнайы кеңесші.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#индонезия #Шина #өндіріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда заңсыз салынған нысандарды бұзу жұмыстары жалғасуда

Бүгін 15:14

ДСМ тегін дәрілер тізімін жаңартты

Бүгін 15:10

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекеттік деректердің бірыңғай жүйесі болмаса, жасанды интеллектіден пайда жоқ»

Бүгін 14:19

Президент Үкіметке цифрлық экономиканың ІЖӨ-ге әсерін бағалау бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды

Бүгін 14:08

Алматыда Тоқаевтың төрағалығымен ЖИ дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті

Бүгін 14:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);