AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Импорттық техникаға берілетін субсидия тоқтатылды

Импорттық техникаға берілетін субсидия тоқтатылды

Әлеумет 21.06.2024, 12:19 603
Импорттық техникаға берілетін субсидия тоқтатылды
Сурет: Akorda.kz

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов шетелдік ауыл шаруашылығы техникасына лизинг беру  неге тоқтатылғанын айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

«Ауыл шаруашылығын айтсақ, егіс жұмыстарын қаржыландыру биыл 4 есе өсті. Яғни, 540 млрд теңге диқандарға жіберілді. Оған қоса жаңа лизингтік бағдарламаға 100 млрд теңге жіберілді. Ол бағдарлама арқылы ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Ауыл шаруашылығы техникасын айтсақ, біз биыл импорттық техникаға берілетін субсидияларды тоқтаттық. Біздің пікірімізше, біз өзіміздің бюджет қаражатымыздың есебінен басқа елдің емес, тек өз өндірушілерімізді қолдауымыз қажет. Жалпы отандық өндірушілерді қолдау бағытына келер болсақ, бұл мен басқарып отырған Үкіметтің негізгі басымдықтарының бірі», - деді Премьер-министр.

Сондай-ақ ол биыл 6,5 мың шақырым коммуналдық желі жөнделетінін атап өтті. 

«Автомобиль жолдарына тоқталсақ, биыл 12 мың шақырым автомобиль жолда құрылыс, күрделі жөндеу және жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл – үлкен көрсеткіш. Биыл 13 арнайы экономикалық және индустриалдық аймақ қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Бұл – көп индустриалдық жобаларды іске қосуға мүмкіндік беретін қадам. 1 800 шақырым газ құбыры салынады. Ол дегеніміз 300 мың тұрғыны бар 67 елді мекен биыл газға қол жеткізеді деген сөз. 6,5 мың шақырым коммуналдық желі жөндеуден өткізіледі. 70 жаңа инвестициялық жоба іске қосылады. Ол шикізат емес, жоғары өңделген тауар өндіруге бағытталады. Сондықтан біз оны қолдап жатырмыз», - деді Олжас Бектенов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауылшаруашылық #қаржыландыру #әлеумет #автомобил жолдары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап қайтты

Бүгін 17:22

Алматыда «жасыл» энергетиканы дамыту аясында заманауи қоқыс өңдеу зауыты салынбақ

Бүгін 16:42

Алматыда 55 мыңнан астам адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:50

Алматыда БАҚ өкілдері футболдан бақ сынады

Бүгін 15:12

Бұтақты шатқалында 700-ден астам адам бас қосты

Бүгін 14:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика