Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Иманғали Тасмағамбетовтің үндеуі: Президент - тұта...

Иманғали Тасмағамбетовтің үндеуі: Президент - тұтас қоғам қауіпсіздігінің жалғыз кепілі

Әлеумет 10.01.2022, 04:45 1,060
Иманғали Тасмағамбетовтің үндеуі: Президент - тұтас қоғам қауіпсіздігінің жалғыз кепілі
tengrinews.kz

Мемлекет қайраткері Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан халқына үндеу жолдады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Ағайындар, бауырлар, азаматтар! Осынау қаңтардың қаһарлы күндері елімізде, оның ішінде айналайын ақ Алматымыздың басына түскен қаралы күндері орын алған дүрбелеңде өздеріңізге үн қатуды азаматтық парызым деп білемін. Өкінішке орай, осы күндері қаза тапқан азаматтар аз емес. Олардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Имандары жолдас болсын. Сөз жоқ, біздің ел - ежелден еңбек пен ерлікті, жігер мен ерікті ту еткен текті халық. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп өз тілегін тілімен, сөзімен жеткізген жұрт. Сондықтан да бұл күндері кей өңірлерде басталған шерулер бейбіт сипатта, әділетті талаппен болды. Десе де, арнайы дайындалған арандатушылар мен содырлар жағдайды пайдаланып кетті. Нәтижесінде «Тәуелсіздіктің тал бесігі» саналатын алып шаһарды қантөгістің алаңына айналдырды. Бұл жәй ғана қылмыс емес. Бұл жауыздық! Отанға, Тәуелсіздікке жасалған опасыздық! Қарапайым азаматтарымызға жасалған қатігездік!» - деп атап өтеді Иманғали Тасмағамбетов үндеуінде.



Ол мұндайда ел болашағы үшін жауапкершіліктің ауыр жүгі Мемлекет басшысының мойнында екендігін баса айтады.



«Ал дәл қазір Президент - әр азаматтың, әр отбасының, тұтас қоғам қауіпсіздігінің жалғыз кепілі! Осы орайда, мен барша қазақстандықтарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсетуге шақырамын! Біз қай жерде туып, қай өңірде жүрсек те, бір атаның баласымыз. Қарға тамырлы қазақпыз! Мен күшті де қуатты, әсем де әлеуетті мемлекеттің ертеңіне сенемін! Аман болайық! Ел бірлігі мен берекесін сақтайық, ағайын!» - деді мемлекет қайраткері.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Иманғали #Үндеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік кәсіпкерлік – тұрақты дамудың маңызды тетігі

Бүгін 12:32

Алматылық нейрохирургтер 6 жасар баланың өмірін сақтап қалды

Бүгін 12:22

Алматы қаласы мәслихатының депутаты ерекше қажеттіліктері бар жандарға қолдау көрсететін қорға көмек көрсетті

Бүгін 11:58

Бас прокуратура қазақстандықтарды Наурызға қатысты провокациялық мәлімдемелерден сақ болуға шақырды

Бүгін 11:53

Ертең салық есептілігін тапсыру мерзімі аяқталады

Бүгін 11:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика