Imanbek туындысы 1 млрд мәрте тыңдалғаны үшін Spotify сыйлығын жеңіп алды

Imanbek туындысы 1 млрд мәрте тыңдалғаны үшін Spotify сыйлығын жеңіп алды Inform.kz

Қазақстандық диджей Imanbek Spotify сервисінің арнайы сыйлығына ие болды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Ресурстың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, Imanbek - ТМД бойынша трегі 1 млрд-тан аса мәрте тыңдалған тұңғыш музыкант. Ол бұл межеге өткен жылдың қазан айында жеткен.


Оның Roses-Imanbek Remix атты әуенін тыңдағандар саны бүгінде әлем бойынша 1,5 миллиардтан асып кетті.


Музыка сервисі диджейді құттықтап, сыйлықты табыстады.


«Артисті осындай ірі жетістікпен және клубқа қосылуымен құттықтаймыз. I is for Imanbek!» делінген хабарламада.


Осылайша Imanbek Billions Club-қа қосылды. Оның плейлист бойынша «көршілері» - Билли Айлиш, Трэвис Скотт, Адель және басқа әлемдік атақты музыканттар.


Мұның алдында Spotify-дың дәл осы марапаты канадалық рэпер Дрейк, норвег диджейі Kygo және британ әншісі Дуа Липаға тапсырылған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:31

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36