Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Иманбек жаңа трек шығарды

Иманбек жаңа трек шығарды

Әлеумет 21.06.2023, 02:10 967
Иманбек жаңа трек шығарды
forumspb.com




«Грэмми» сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов (DJ Imanbek) атом станциясының дыбысымен жаңа трек шығарды


DJ Imanbek-тің «AtomSound» деректі киножобасы мен трегінің премьерасы биылғы 17 маусым күні Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумы (СХЭФ-2023) аясында өтті.


Жоба Ленинград атом электр станциясында түсірілген.



«AtomSound» жобасы – бұл әлемде теңдесі жоқ «атом дыбысы» мен музыкалық аспаптарды араластыру тәжірибесі, сондай-ақ инженерияны, ядролық физика негіздерін және музыканы органикалық түрде біріктірген дыбыстар физикасына арналған деректі фильм. Оның басты кейіпкері – DJ Imanbek. Түсірілім жұмыс істеп тұрған Атом станциясында өтті. Сондай-ақ DJ imanbek-тің бірегей трегі фильмнің финалында орындалады.



Баспасөз мәслихаты барысында қатысушылар «атомдық дыбыстардың» – сэмплдардың үнемі толықтырылып отыратын кітапханасын құру және оны қоғамдық пайдалануға беру жоспары туралы айтты. Жобаның келесі кезеңі – өз тректерін жасау кезінде осы сэмплдарды пайдаланатын музыканттар үшін үлкен байқау ұйымдастыру. Жеңімпаздарды құрамына DJ Imanbek кіретін қазылар алқасы таңдайды.


DJ Imanbek «AtomSound» жобасында жұмыс істеу процесті ұйымдастыру тұрғысынан ең қызықты жоба болғанын атап өтті.



«Маған бірде мынадай ой келді: дыбыс – бұл атомдар тербелісі. Және дыбыстың табиғатын зерттеуге қызығушылығым оянды. Фильмнің тұжырымдамасын жасап болғаннан кейін Росатомға хат жаздым. Бірақ бұл идеяны тез жүзеге асыруға болатынына сенім аз еді. Жауап келесі күні-ақ келді: бізге Ленинград станциясында түсірілім жасау ұсынылды», – деп бөлісті музыкант.



Жобаны іске асыру кезінде туындаған қиындықтарды талқылау барысында «Росатом» мемлекеттік корпорациясы коммуникациялар департаменті директорының міндетін атқарушы Андрей Тимонов атом электр станциялары мен ядролық технологияларға бүгінгі қоғамның сақтықпен қарайтындығын айта кетті. Және бұл тақырыптағы көптеген шаблондар мәдени өнімдер арқылы беріледі: кино, музыка, компьютерлік ойындар. Сонымен қатар мемлекеттік корпорациялар консервативті бюрократиялық машиналар деп саналады.







Телеграм арнаға жазылыңыз
#Иманбек #жаңатрек #Зейкенов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49

Алматыда азық-түлік инфляциясы үш айда 3,1% болды

Бүгін 17:44

Алматының 2026-2028 жылдарға арналған ірі жобалары: IT, автокөлік өндірісі және фармацевтика

Бүгін 17:40

Алматыдағы индустриялық аймақтардың толымдылық деңгейі 90%-дан асты — Олжас Смағұлов

Бүгін 17:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика