Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Илон Масктың топ-менеджерлері оның есірткі қолдану...

Илон Масктың топ-менеджерлері оның есірткі қолдануына алаңдап отыр

Әлем 08.01.2024, 12:17 1,213
Илон Масктың топ-менеджерлері оның есірткі қолдануына алаңдап отыр
Сурет: ашық дереккөз

WSJ мәліметінше, кәсіпкер SpaceX мемлекеттік келісімшарттарына, ондаған мың жұмыс орындарына және триллион долларлық инвесторлардың активтеріне қауіп төндіретін әртүрлі есірткілерді пайдаланады. 


Tesla және SpaceX топ-менеджерлері осы компаниялардың бас директоры Илон Масктың есірткі қолданып жүргеніне алаңдап отыр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz The Wall Street Journal (WSJ) басылымына сілтеме жасап хабарлайды.



"Тыйым салынған заттарды пайдалану SpaceX-тің үкіметпен миллиардтаған долларлық келісімшарттарына қауіп төндіруі мүмкін", - деп түсіндірді басылым.



АҚШ ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасы (NASA) бұл фирманың қызметін бірнеше рет қолданған.


Дегенмен, Илон Маск The Wall Street Journal (WSJ) басылымының сауалына жауап қайтарған жоқ.


"SpaceX-те есірткі сынақтарынан үнемі және кездейсоқ түрде өтіп тұрады. Бірде-бір рет өтпей қалмаған", - деді оның адвокаты Алекс Спиро.


Сондай-ақ, басылымның хабарлауынша, Маск өз компаниялары құнының ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан, оның әрекеттері инвесторлардың 1 трлн долларлық активтеріне, ондаған мың жұмыс орындарына және АҚШ ғарыш бағдарламасының маңызды бөлігіне қауіп төндіруі ықтимал.



"Ғаламшардағы ең бай адам жекеменшік ойын-сауық кештерінде ЛСД, кокаин, экстази және галлюциногенді саңырауқұлақтарды пайдаланады. Ал бұл кешке қатысушылар ақпаратты жарияламау туралы келісімге қол қойып немесе шараға кірер алдында телефондарын тапсырады", - деп атап өтті басылымның дереккөздері.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Илон Маск #есірткі #менеджер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика