AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / ІІМ Тергеу департаменті: қылмыскерлерден 107 млн т...

ІІМ Тергеу департаменті: қылмыскерлерден 107 млн теңгеден астам сомаға ұрланған мүлік тәркіленді

Оқиға 05.02.2022, 08:26 1,172 Almaty-akshamy
ІІМ Тергеу департаменті: қылмыскерлерден 107 млн теңгеден астам сомаға ұрланған мүлік тәркіленді
Cурет: Ашық дереккөз

Қару тонағандар ұсталып жатыр


30 қаңтарда Алматыда ұрлық үшін сотталған Жамбыл облысының 33 жастағы тұрғыны ұсталды, ол 5 қаңтарда қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан. Тергеу мәліметтері бойынша, ол 4 мылтық алып шыққан. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов осы және қайғылы қаңтар оқиғасы кезеңінде орын алған басқа да заңсыз іс-әрекеттер жайлы айтып берді.  



«Ол дүкен есіктеріндегі торды бұзу үшін кабель байланған ВАЗ-2114 көлігін жүргізген. Нәтижесінде күдікті екі тегіс ұңғылы және екі ойық мылтық алған. Алматы қаласында осы қаланың тағы 4 тұрғыны ұсталды, олардан ұрланған 10 мылтық пен оқ-дәрі тәркіленді. Сонымен қатар, олардан қауіпсіздік күштерінен ұрланған оқ өтпейтін кеудешелер, қалқандар мен шлемдер тәркіленді. Барлық осы фактілер бойынша күдіктілер УҰИ-ға оқшауланып, сот санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта қару-жарақты анықтау бойынша мақсатты жедел шаралар жалғасуда. Сонымен қатар, басқа тонауға қатысқан адамдарды анықтау бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, 1 ақпанда Қызылордада ломбардтардың бірінде жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрлық жасаған осы қаланың екі тұрғыны ұсталып, УҰИ-ға қамалды. Ұсталғандардан ұрланған алтын бұйымдардың 160-тан астам бірлігі тәркіленді. Алматыда тонауға қатысқандардың бірі «Искер Ломбард» ЖШС 41 млн теңгеден астам шығын келтірген. Күдіктіден ұрланған заттың бір бөлігі тәркіленіп, оның кінәсі бейнежазбамен дәлелденуде. Қылмыскерлерден барлығы 107 млн теңгеден астам сомаға бағаланатын ұрланған мүлік, оның ішінде 8 бірлік автокөлік, 360 бірлік тұрмыстық техника, 200-ден астам зергерлік бұйым, 460 киім атауы, 238 ұялы телефон, сондай-ақ 15,5 млн теңге сомасындағы қолма-қол ақша тәркіленді», - деді спикер. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#тергеу #ұрлық #тонау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);