AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / ІІМ: Жамбыл облысында эвакуацияланған елді мекенде...

ІІМ: Жамбыл облысында эвакуацияланған елді мекендерді полиция күзетуде

Оқиға 27.08.2021, 07:31 1,193
ІІМ: Жамбыл облысында эвакуацияланған елді мекендерді полиция күзетуде
rus.azattyq.org

Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша тұрғындарды эвакуациялау мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарына Жамбыл облысы полиция департаментінің 300 полицейі мен 47 автоэкипажы, сонымен қатар Ұлттық ұланның 520 әскери қызметшісі жұмылдырылды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Оқиға орнына апарар жолдар, автожолдар мен «Тараз-Алматы» бағытындағы теміржол уақытша жабылған. Қазіргі кезде Тараз қаласының мектептеріне Байзақ ауданының Қайнар, Ботамойнақ, Жібек Жолы ауылдары және Үшбұлақ стансасының 1 200-ге жуық тұрғыны эвакуацияланған.


Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы өрттің тұтануы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 462-бабына (Қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) сәйкес сот алдындағы тергеу басталды.


Қоғамдық тәртіпті сақтау және тонауды болдырмау мақсатында эвакуацияланған елді мекендерді қоршау және патрульдеу ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі тексерілмеген немесе көрінеу жалған ақпаратты таратуға жол берілмейтіні туралы ескертеді.



Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, осы ахуалға байланысты қандай да бір туындаған сұрақтар үшін: - 109 телефон нөмірі; - 8-778- 810-91-09 ватсап желісі арнайы іске қосылды. Сонымен қатар, - 8(7262) 51-41-67 телефон нөмірі арқылы жедел желіге хабарласуға болады.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жамбыл #Жарылыс #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы автобус жүргізушілерін бақылауды күшейтпек

Бүгін 12:09

Алматы жаңа автобус бағыты мен LRT ашып, «ақылды» бағдаршам қойғалы жатыр

Бүгін 12:04

Жасанды интеллект мүмкіндік пе, қауіп пе?..

Бүгін 12:02

Алматыдағы жұлдызды кеш: Solana Fest әлемдік артистерді бір сахнада тоғыстырды

Бүгін 11:35

Алматы кітапханасында Ілия Жақановтың сазды әндері шырқалды

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);