AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / ІІМ атыс қарулары сақталған 97 қойманы жойды

ІІМ атыс қарулары сақталған 97 қойманы жойды

Заң мен тəртіп 25.03.2022, 13:32 1,566
ІІМ атыс қарулары сақталған 97 қойманы жойды
Сурет: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі заңсыз айналымнан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді, оның ішінде қаңтарда орын алған жаппай тәртіпсіздіктер кезеңінде ұрланған заттарды алып қою жөнінде мақсатты шаралар жүргізуде.


Криминалдық полиция ІІО қызметтерімен бірлесіп жүргізген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде заңсыз айналымнан 1268 бірлік атыс қаруы, оның ішінде 127 автомат, бір пулемет, 395 тапанша, 144 ойық карабин, 414 тегіс ұңғылы мылтық, сондай-ақ 238 гранат және 33 мыңнан астам түрлі калибрлі оқ-дәрі тәркіленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Атыс қаруын заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін 319 адам ұсталды және қамауға алынды, оның ішінде 22 қылмыскер ұсталды. Жүргізілген арнайы операциялар барысында атыс қарулары сақталған 97 қойма жойылды.


18 наурызда ІІМ криминалдық полиция департаментінің және Алматы қаласы ПД қызметкерлері жедел әзірлеу жұмыстарын жүргізу кезінде Алматы тұрғыны ұсталды. Одан 223 калибрлі SL-8, 5 тегіс ұңғылы мылтық, FAIR үлгісіндегі иір ойықты мылтық, 12 калибрлі, Ata Arms моделінің 2 бірлігі, 12 калибрлі FRENSHI моделінің 2 бірлігі, сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезеңінде Алматы қаласының “Қорған” аңшылық дүкенінен ұрланған аң аулауға арналған су асты екі мылтық тәркіленіп алынды.


12 наурызда Алматы қаласы Керей-Жәнібек хандар көшесіндегі “Medeus Villa” қонақ үйінің сыртындағы орман белдеуінен қойма табылды, оның ішінен 3 тапанша, 15 граната, 229 түрлі калибрлі патрон және екі оқ-дәрі алынып, тәркіленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қойма #жою #Атыс қаруы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 20:17

«Логотип әзірлеу және оны презентациялау» байқауы: шығармашылық пен кәсібиліктің тоғысуы

Бүгін 19:13

«Вечерний Алматы» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толды

Бүгін 18:27

Саз әлемінің сардары дүниеге келген күн: Ахмет Жұбанов туралы сіз білмейтін 10 дерек

Бүгін 18:02

Алматыда инклюзия жүйесін құру жолдары талқыланды

Бүгін 17:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика