Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Иерусалимде белгісіз біреу автобусқа оқ жаудырып,...

Иерусалимде белгісіз біреу автобусқа оқ жаудырып, сегіз адам жарақат алды

Әлем 14.08.2022, 09:40 1,245
Иерусалимде белгісіз біреу автобусқа оқ жаудырып, сегіз адам жарақат алды
Сурет: Inform.kz

Жексенбіге қараған түні қарулы адам Иерусалимдегі Плача қорғаны қабырғасының жанында автобусқа оқ жаудырған. Израиль билігінің мәліметінше, оқиғаның салдарынан кем дегенде сегіз адам жарақат алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Шабуыл жергілікті уақыт бойынша 01:24-те діндарлар Плача қорғанынан қайтып келе жатқан кезде болған. Шабуыл жасады деген күдікті Шығыс Иерусалимнен келген 27 жастағы палестиналық оқиға орнынан қашып кеткен. Бірақ содан кейін баспасөздің хабарлауынша, ол билікке берілген. Израиль полициясы дәл сол адамның оқ атқанын әлі растаған жоқ.


Құқық қорғау органдары оқиғаны террористік шабуыл деп бағалап отыр. ВВС-ге жасаған мәлімдемесінде Израиль премьер-министрі Яир Лапид шабуылға қатысы барлар «бейбіт тұрғындарға келтірілген зиян үшін жауап беретінін» айтты.


Зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр, оның ішінде жүкті әйел де бар. Оған шұғыл кесарь тілігі жасалған, жаңа туған нәресте тірі, жағдайы ауыр, бірақ тұрақты.


Израильдік БАҚ-тың хабарлауынша, жараланған төрт адам – Нью-Йорктен Израильге барған бір отбасының мүшелері.


Плача қорғаны – құлшылық ететін иудейлер үшін ең қасиетті орындардың бірі. Жыл сайын мұнда мыңдаған адам құлшылық етуге келеді.


Оқиға Израильдің Газа секторындағы қарулы операциядан бір аптадан кейін болды, онда 47 адам қаза тапқан болатын.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Иерусалим #жарақат #Шабуыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика