AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Ядролық физика институты экологиялық бақылауды күш...

Ядролық физика институты экологиялық бақылауды күшейтті

Барлығы 11.12.2025, 16:27 426
Ядролық физика институты экологиялық бақылауды күшейтті
ӨКҚ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсерін азайтуға бағытталған бірлескен іс-шараға арналған баспасөз конференциясы өтті. Экология департаменті, Ядролық физика институты мен қаладағы үлкен-үлкен кәсіпорынның өкілдері экологиялық мәселені шешудің нақты жолын талқылады. Ядролық физика институтының кешенді экологиялық зерттеулер орталығының бастығының м.а. Мария Севериненко институттың радиациялық бақылаудан бастап өндірістік экологияға, экологиялық технологиялар мен ядролық медицинаны дамытуға дейінгі толық жұмыс есебін ұсынды.

Ядролық физика институты – елдің негізгі ғылыми-техникалық орталығы, онда ядролық технологиялар, инженерлік әзірлеме мен радиоэкологиялық зерттеулер біріктірілген. Институт ядролық физика бойынша іргелі зерттеу жүргізіп, радиоизотоптар мен радиофармпрепараттар шығарады,  жаңа радиациялық-технологиялық процестерді әзірлеп, ядролық, радиациялық қауіпсіздікке жауапты мамандарды даярлап шығарады.

Институт жұмысының маңызды бөлігі радиоэкологиялық мбақылауға арналған. Жыл сайын бұрынғы полигондардың, ядролық нысандардың, уран өндіруші кәсіпорындар мен қауіп деңгейі жоғары аумақтардың жағдайына жан-жақты бақылау жүргізеді. "Лира" нысандарында мамандар шамамен 1000 топырақ, су мен өсімдіктің үлгісін зерттейді, Азғырдың бұрынғы полигонында – 570 үлгі, оның ішінде түптік шөгінділер де бар. Институт аумағында өндірістік бақылау аясында 200-дей үлгі, трансшекаралық өзендер бойынша тағы 200 су үлгісі жиналады. Қызылорда облысындағы уран өндіретін кәсіпорындардың әсерін бағалау үшін жыл сайын  топырақ пен судың 110 үлгісі алынып, тұрақты түрде зерттеліп отырады.

Институт экологиялық қауіпсіз технологияны да енгізіп жатыр. Радиациялық стерилизация химиялық реагенттерді толық алмастырып, жыл сайын шамамен 7 млн медициналық бұйымды өңдейді. Материалдарды радиациялық модификациялау технологиялары еріткіштер мен зиянды шығарындыларсыз, өндірісті барынша таза әрі қауіпсіз етеді. Осы технология негізінде AQUA DRESS гидрогельді таңғышы – жараның жазылуын тездететін стерильді жабын шығарады. Оны өндіру жағы да артып келеді.

Жұмыстың ерекше бағыты – ВВР-К зерттеу реакторын қауіпсіз пайдалану. Экологиялық қауіпсіздік МАГАТЭ нормалары бойынша қамтамасыз етіледі, көпсатылы бақылау және апаттық дайындық жүйесі бар. 2024 жылы иондаушы сәулелену көздерінің пайдаланылған қалдықтарын сақтау қоймасының жабдықтары мен физикалық қорғау жүйелерін ішінара жаңғыртып шықты. Жеті ғимараттағы қауіпсіздік жүйелері жаңартылып, үш жылдық сервистік қызмет көрсету туралы келісім жасалды. Институт радиоактивті қалдықтарды қауіпсіз басқару жұмыстарына да қатысып, оларды сенімді сақтау технологияларын әзірлеп жатыр.

"Өндірістік экологияға ерекше көңіл бөлінеді. Институт өз аумағында экологиялық бақылау жүргізеді, шаң-газ тазалау жабдықтарын күтеді, көліктен шығатын зиянды бақылайды, мұржалар, қазандықтар мен арнаулы тазарту құрылыстарына жөндеу жүргізеді, жасыл желектерді күтіп-баптап, қалдықтарды жою бойынша келісімшарттарды уақытылы жасап отырады. 2025 жылы "Таза Қазақстан" тұжырымдамасы аясында мұнда 2000-ға жуық ағаш, 1000 бұта мен 1000 гүл егіліп, оған қоса ұжымдық және қалалық сенбіліктер де ұйымдастырылды. Сондай-ақ жаңа санитарлық-қорғау аймағы жобасы әзірленіп, мақұлданды, енді келер жылы жылыту жүйесін сұйық отыннан газға көшіру жоспарланып отыр", – дейді Мария Севериненко.

Институт Қазақстанда ядролық медицинаны дамытуда да маңызды рөл атқарады. Жыл сайын ол Алматы, Шымкент пен Ақтау қаласындағы 16 мың науқасқа қатерлі ісікті ерте анықтауға арналған "Фтордезоксиглюкоза 18F" препаратын жеткізеді. Алматы, Астана мен Семейдегі ядролық медицина орталығына жылына шамамен 2 700 науқасқа арналған 99Mo/99mTc генераторы жеткізіліп, оны Қырғызстанға да экспорттайды. "Натрий йодиді 131I" препараты жыл сайын қалқанша безі обырымен ауыратын 1 500 науқасты емдейді. 2026 жылдан бастап өндірісті кеңейту жоспарланған: 18F изотоптарының шығарылымы артып, қуықасты безі қатерлі ісігін емдеуде, онкологиялық, жүрек-қантамыр мен неврологиялық ауруды анықтауда қолданылатын жаңа изотоптарды өндіретін кешен де іске қосылады.

Институт мамандар даярлаудың негізгі орталығы болып қала береді. Оқу орталықтары арнаулы жабдықпен, оқыту макеттерімен, ядролық нысандардың қорғау және периметр жүйелерінің үлгілерімен жабдықталған. 2025 жылы радиациялық қауіпсіздік бойынша 193 адам, ядролық-физикалық қауіпсіздік бойынша 73 маман оқытылды. Институт халықаралық ғылыми жобалар мен конференцияларға белсенді қатысып, экологиялық және радиациялық қауіпсіздік сапасын әлемдік стандарттарға сай арттырып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ядролық институт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала қауіпсіздігі басты назарда: Наурыз қарсаңында алматылық ұландықтардыңавтопаркі заманауи техникамен толықты

Бүгін 21:14

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Бүгін 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Бүгін 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика