Хоббидің пайдасы

Хоббидің пайдасы интернеттен
Ең сүйікті жұмыстың да кейде адамды әбден қажытып жіберетін кезі болады, ондайда ештеңе істемей жай ғана демалғың келеді. Жұмыс мезгілі күннің көп бөлігін алатындықтан, тек ең қажетті істерге ғана көңіл бөліп үлгереміз, ал өзімізге уақыт мүлде қалмайды. Осындай жағдайда хоббидің маңызын байқай бермейміз. Адамға жұмыс міндеттерінен мүлде бөлек, қуаныш пен жағымды эмоция сыйлайтын әрекет қажет. Күнделікті тіршілікті мұндай әрекетке жатқызу қиын, ал хобби бұл міндетті өте жақсы атқарады. 
 
Хобби ұғымы мен қажеттілігі
 
Хобби күнделікті үйреншікті істерден өзгеше және ләззат сыйлайтын кез келген іс-әрекет. Хоббидің басты пайдасы ойды сергітуі. Біздің миымыз күнделікті тапсырмаларды үнемі оңтайландыруға тырысады. Ал жаңа әрекетке ауысу ми жұмысына серпін беріп, нейропластиканы жаңа нейрондық байланыстар құру қабілетін арттырады. Бұл көрсеткіш ми қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.
 
Ылғи бірсарынды тапсырмаларды орындау қабылдауды әлсіретеді, соның кесірінен адам жаңа мүмкіндіктерді байқамай қалады, тың шешімдер табу қиындайды. Хоббимен айналысу бұл жағдайды түзетуге көмектеседі, ми жаңа тапсырмаға кірісіп, біраз уақыттан кейін адам алдыңғы мәселеге жаңаша көзқараспен қарап, тиімді шешім таба алады.
 
Психология тұрғысынан алғанда, хобби адамның өзін-өзі жүзеге асыру және қоғам тарапынан мойындалу сияқты негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыратын әрекет. Қызығушылық жаңа таныстарға жол ашады, ал жетістіктің қоршаған орта тарапынан қолдау табуы алға ұмтылуға және дамуды жалғастыруға ынталандырады.
 
Неліктен хобби мен мамандық екі бөлек ұғым?
 
Негізгі жұмыс әрдайым нәтижеге бағытталған. Оның мақсаты белгілі бір нәтиже алу, қаржылық табыс немесе басқа да маңызды ресурс. Мұндай қызмет үздіксіз дамуды талап етеді.
 
Хобби нәтижеге тәуелді емес. Ол процестің өзінен ләззат алу үшін жасалады. Әрине, белгілі бір жетістікке жету немесе шеберлікті арттыру мүмкін, бірақ бұл міндетті емес. Ең бастысы өзіңе ұнайтын іспен айналысу. Хоббимен шұғылданған кезде адам өткенді сараламайды, болашақты жоспарламайды, пайда туралы ойламайды. Ол «осы сәтте» өмір сүріп, істеп жатқан әрекеттен рахат алады.
 
Хобби қандай болуы мүмкін және оны қалай таңдауға болады?
 
Хобби әр адамда әртүрлі болады. Біреу үшін күніне жарты сағат сурет салу жеткілікті болса, енді біреу үлкен картиналар салады. Екеуін біріктіретін ортақ нәрсе олар бұл істі нәтиже үшін емес, өз ләззаты үшін жасайды.
 
Өзіңізге лайықты хоббиді табуға саналы түрде таңдау көмектеседі. Ішкі сезімдерге назар аудару, белгілі бір әрекетке эмоционалдық реакцияңызды бақылау шынымен не қызықтыратынын түсінудің тиімді жолы. Кейде бұл сіздің кәсіби бағытыңызға мүлде ұқсамайтын, күтпеген сала болуы мүмкін.
 
Кейбір психологтар И. П. Павлов бойынша психотипті анықтайтын тесттен өтуді ұсынады. Бұл нақты диагноз емес, бірақ бағыт таңдауға көмектеседі:
• Әлсіз және тұрақсыз психотип шығармашылық салаларда өзін жайлы сезінеді.
• Күшті әрі эмоционалды адамдармен тығыз қарым-қатынас болатын ортада.
• Күшті және тұрақсыз спортта жетістікке жетуі мүмкін.
 
Егер бұрын хоббиіңіз болмаған болса, неден бастау керегін түсіну қиын болуы мүмкін. Мұндай жағдайда тест тапсыруға, психологқа жүгінуге немесе жаңа істерді байқап көруге болады. Барлық мүмкін әрекеттерді төрт санатқа бөліңіз: шығармашылық, спорттық, әлеуметтік және техникалық. Әрқайсысына қызықтыратын істерді жазып, оларды елестеткенде қандай эмоция пайда болатынын байқаңыз. Мұны медитация кезінде жасау өте ыңғайлы сырт көзбен қарау дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.
 
Хобби түрлері
 
Хобби белсенді және баяу болуы мүмкін. Әр адам өзіне қолайлысын өзі таңдайды. Т
 
Спорт хобби
 
Мұндай хобби ептілікті, күшті және төзімділікті дамытады, денсаулықты нығайтады және жағымды эмоция сыйлайды.
Мысалы: йога, командалық спорт түрлері, велосипед тебу, жаяу серуендеу, жүгіру және т.б.
 
Экстремалды хобби
 
Руфинг, альпинизм, паркур физикалық дамумен қатар, ұмытылмас әсер мен адреналин сыйлайды. Мұндай хобби алдын ала дайындықты талап етеді.
 
Әлеуметтік және ойын-сауық хобби
 
Би, стендап, түрлі клубтар. Бұл бағыт коммуникациялық дағдыларды дамытып, күнделікті күйбеңнен арылуға көмектеседі.
 
Техникалық хобби
 
Техникаға қатысты барлық істер: смартфон немесе компьютер құрылымын зерттеу, өз қолымен радио жасау, техниканы жөндеу және т.б.
 
Шығармашылық хобби
 
Сурет салу, мүсіндеу, фотосурет түсіру және басқа да креативті әрекеттер.
 
Хобби тізімі мұнымен шектелмейді. Қоршаған ортаны бақылау, жорық ұйымдастыру, классикалық әдебиет оқу, пікірталас клубтары, бағдарламалау немесе атқа міну кез келгені хобби бола алады. Ең бастысы ол сізге шынайы қуаныш сыйлап, күнделікті күйбең тіршіліктен алыстатуы керек.
 
Күнделікті медитация да хобби бола алады. Ол күйзелісті азайтып, ойды тыныштандырады, өз мақсаттарыңызды дұрыс анықтауға және өмірден ләззат алуға көмектеседі. 
 
Қорытынды
 
Хобби жай ғана бос уақытты өткізу тәсілі емес. Бұл миды сергітіп, жаңа тапсырмаларға бейімдеудің, рутинаның әсерінен арылудың жолы. Хобби адамға сәтсіздіктен қорықпай, өзін еркін жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені бастысы нәтиже емес, процесс. Жаңа таныстар, кеңейген дүниетаным, жаңа тәжірибе мұның бәрі хоббидің ажырамас бөлігі. Қаласаңыз, ол өмірлік іске де айналуы мүмкін, бірақ бұл міндетті емес.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:24

11:16

11:02

10:48

10:36

10:28

10:18

10:01

09:46

09:32

09:00

08:32

21:41

21:25

19:35

19:33

17:57

17:55

17:54

17:50

17:47

17:42

17:37

17:10

17:07