ffin.kz

Хирургиялық емдеудің жаңа әдісі енгізілді

Хирургиялық емдеудің жаңа әдісі енгізілді almaty-akshamy.kz

Алматыда омыртқаның стенозы бар науқастарды хирургиялық емдеудің жаңа әдісі енгізілді


Алматыдағы №7 қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері бел омыртқасының стенозына шалдыққан науқастарды хирургиялық емдеудің жаңа әдістемесін игерді. Келесі күні науқастарды аяғына тұрғызады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Дәрігерлер мұндай операцияларды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен бірегей әдіспен жасайды. Мұндай операцияның артықшылығы туралы №7 қалалық клиникалық ауруханадағы №1 нейрохирургиялық бөлімшенің меңгерушісі Бақыт Ағлақов айтып берді.


Айта кетерлік дерек, бұл әдіс Қазақстанның санаулы ғана ауруханаларында қолданылады, бұл оны бірегей етеді. Ал Алматыда оны жетінші аурухананың нейрохирургтері жүзеге асыруға кірісті. Ең алғашқы ота міндетті медициналық сақтандыру аясында 75 жастағы қарияға жасалды.


Ақсақалдың узақ уақыт бойы бел аумағындағы ауру сезіміне  және ауру сезімінің аз физикалық белсенділік кезінде   күшейетініне шағымдары болған . Ақсақалға бел омыртқасының дегенеративті-дистрофиялық өзгерістері және стеноз деген диагноз қойылған. Ал бұрын қабылдаған емі мүлдем көмектеспеді.


Дәрігер атап өткендей, әдетте омыртқаның стенозы бар науқастар ауруханаға өте нашар күйде түседі, тіпті жүру қиынға соғады.



«Ол 100-200 метрден артық жүре алмады, содан кейін аяғының ұюы мен ауыруы күшейіп, аяғының әлсіздігі мен әрі қарай қозғала алмауына ұласты. Аяқтарындағы ұйып  кетуді жою үшін оған белгілі бір уақыт отыру керек болды. Бұл ауру оны соңғы 5 жылда қинады», - дейді нейрохирург Ағлақов.



Сондықтан дәрігерлер сары байламды микрохирургиялық жолмен алып тастау үшін бірінші аз инвазивті операция жасауды ұйғарды.


«Микроскоптың астында диаметрі 12 мм болатын түтік арқылы қажетті тілік жасалады. Ал кесудің өзі 1,5 см-ден аспайды. Бұл әдістің артықшылықтарының бірі. Түтікшелі тәсілдер арқылы аз инвазивті операциялар бел омыртқасының стенозын емдеуде қолданылатын тиімді әдіс болып табылады», - дейді дәрігер.


Жаңа технологияның артықшылықтарына мыналар жатады:



  • фасеттік буындар мен арқа бұлшықеттерін сақтай отырып, жүйке құрылымдарын дәлме- дәл алып тастау мүмкіндігі. Бұл пациенттерге бел омыртқасындағы болашақ тұрақсыздықты болдырмауға көмектеседі;

  •  жедел хирургиялық операцияға қол жеткізу, өйткені ол байламдарды аз кесуді қажет етеді;

  • науқастың ерте сауығуы, операциядан кейінгі аз ауырсыну және операциядан кейінгі ауырсынуды басатын дәрілерді аз қолдану.



«Науқас наркоздан оянғаннан кейін ауырсыну мен ұюдың жоқтығын және жатқан қалпында белсенді қозғалыс ауқымының артуын атап өтті. Жасы үлкен адамға қалпына келу үшін көп уақыт қажет сияқты болып көрінеді. Бірақ ағамыз келесі күні өз бетінше жүре бастады», - деп дәрігер Ағлақов отаның нәтижесімен бөлісті.



№7 қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургиялық қызметі бүгінгі таңда ең озық және қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады. Жоғары технологиялық, жаңа әдістер мен заманауи жабдықтарды қолдану күрделі нейрохирургиялық ауруларды анықтау мен емдеуде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58