конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / «Хандар киген қамқа тон» қой үстіне жабылғаны ма?

«Хандар киген қамқа тон» қой үстіне жабылғаны ма?

Мұны білген жөн Бүгін 16:39 29 yakiya
«Хандар киген қамқа тон»  қой үстіне жабылғаны ма?
qamshy.kz bifat-eltaeva

 

Шапан – қазақ халқының ұлттық ерекшелігін әйгілейтін ерекше киім. Енді бір жағынан салт-санасын, мінез-құлқы мен пейіл-ниетін айшықтаған кәделі бұйымы. Бірақ кейінгі кездегі желі контенттеріне назар тіксеңіз, «шапанның қадірін кетіріп алмадық па?» деген ойға қаласыз.

Мәртебелі мейманы мен қадір тұтқан қариясына ат мінгізіп, шапан жапқан қазақтың ұрпағы қызық қылық шығарыпты. Шапанға қазақ тұрмысының ажырамас бөлігі есебінде емес, желбегей не жамылғы құралпы қарап, қой орап, қозы құндақтайтын болыпты.

Көпшіліктің талқысына түскен видео Instagram желісінде жарияланды. Бейнежазбада асабаның той ортасында тосын әрекетке барып, үстіне шапан жабылған қойды ортаға алып шыққанын көрдік. Оны тектеген қонақтар да көрінбейді, керісінше оған қарқылдай күліп, бас изесіп, қол шапалақтайды. Бұл күнде дарақылықтың жарысы болып жатқандай, мұндай әрекеттерді күнде көріп көз үйреніп те бара жатқандай. Елемей-ақ қоюға, сөз шығын етпеуге болар еді десек те, бара бара шынбайға батып бара жатқасын да ащы дауысымыз шығады.

Ақын, этногроф, дінтанушы, балалар жазушысы Гүлмекен Қасенбайқызының пікіріне қарағанда, шапан – қазақ халқының ең құрметті қонағына ғана жабатын, жоғары құрметке негізделген сый-сыяпат. Оны той үстінде қой немесе жылқыға жабуды ұлттық құныдылықты аяққа таптау деп санайды.

«Той – тәрбие орны. Тойда атқарылатын әр рәсім, үлкендер тарапынан алдын-ала қатаң сыннан өтіп, дін мен дәстүрге қарсы келмейтін жағдайда ғана қолданылса құба-құп. Шапанды малға жабу – қазақы мәдениетті аяққа таптау. Қорлау», – деп қатаң сөккен этнограф.

Ол сондай-ақ базар толы арзан шапандардың көбеюі де бұл құндылықтың құнын түсіріп жатқанын алға тартады. Сыйлы кәдеміз бен ұлттық құндылықты қорғау үшін сырттан кіретін арзан өнімдерге шектеу қойып, отандық шеберлердің сапалы өнімдеріне жол ашуды ұсынады.

Желідегі жұртшылық та қойға шапан жапқызған той иелерін сынға алады. Олар «Ұлттық киіміміз қор болды», «Асабалардың жеткен жері, халқымыздың деңгейі осы», «Ұлттық киімді қорлады. Ұят жағдай», – деп жазған.

Шапан жайлы түсінігіміз шалағай ма?

Әдетте шапаны кең, ұзын, жеңді болып келеді. Көбіне жүннен немесе мақтадан дайындалып, сырты барқыт, пүліш, шұғадан тігіледі. Ішіне астар салынып, оқаланып, сәндік мақсатта кестеленеді. Қазақтың этнографиялық энциклопедиясында шапан туралы: «Шапан – матадан астарланып, кейде арасына қой мен түйенің жүні салынып, сырып тігілетін сырт киім түрі. Шапан жібек, баршын, күдері, мақпал, шағи, барқыт, шибарқыт, пүліш, шұға сияқты маталардан тігіледі. Қазақы ортада шапанды көбінесе ерлер, ішінара әйелдер мен балалар да киген. Қазақы шапандардың пошымы мен пішімінде аймақтық ерекшеліктер бар. Атап айтқанда, Жетісу мен Оңтүстік өңірлерінің шапандарының етек-жеңдері ұзын келіп, әшекейлі болады. Сонымен қатар олар көбінесе сырмалы әрі жолақты болып келеді. Ал Сыр өңірі мен Батыс аймақтардың шапандары шалғайлы кең, жеңдері де ұзын келген қайырма жағалы болады. Орталық пен Шығыс өңір шапандарының басты ерекшелігі сирек қабылған, сырусыз болады. Олардың да етек-жеңдері кең әрі ұзын келіп, жағалары шолақ оймалы, кейде түймелі жағалысы да болады», - деп жазылған.

Шапанды тұрмыс киімі деп түсінуге әсте болмас. Шапан – лыпадан бөлек. Шапанның адамның мерей-мәртебесін, жасын, шыққан тегі мен таным-түсінігін әліптейтін қызметі бар.

Шапан – символдық мәйегі бар киім

Шапан – ұлттық киім ғана емес, құрмет пен мәртебе белгісі. Ұлттық музейде ХVІІІ ғасырдан жеткен аса құнды жәдігер – Абылай ханның шапаны сақталған. Қызыл күрең түсті, пүліштен, ішкілігі жібек матадан тігілген. Алдыңғы екі өңір, артқы бой, екі жең, тік жағадан тұрады. Алды ашық желбегей, қаусырмалы, қолтық астынан бастап етек жағына дейін үшкілденіп қиылған. Шапанның жағасы, өңірі, жең жиектерінде алтын жіппен екі қатар сызық жүргізіліп, ортасына «толқын» тәрізді өрнектер бейнеленген. Ішкі сызықты бойлай шырмауық гүл үлгісінде ою салынған. Бұл баға жетпес мұраның өзі қазақ қоғамындағы шапан киімінің саяси мән-маңызын аша түседі.

Қазақта «Шапан жабу» дәстүрі құрмет көрсету, жоғары мәртебе беру белгісі ретінде қолданылады. Сондықтан бұл заттың символдық мәні қоғамдық қарым-қатынасты, дәстүрлік салтты, әлеуметтік танымды сипаттайды. Бұл хақында этнографиялық энциклопедиясында кеңінен талданады.

«Дәстүрлі қазақы ортада шапан кәделі киім саналып, белгілі бір жосын-жоралғыларды атқаруда маңызды рөл атқарды. Көнеден бастау алатын сыйлы адамдарға, қонаққа, балуанға, ел басқарған адамдардың халыққа жасаған қызметі үшін қымбат әрі қадірлі сый ретінде «иығына шапан жабу» салты күні бүгінге дейін жалғасын тауып келеді».

Сонымен бірге, шапан қонақжайлылықтың, әдеп пен сый-құрметтің, рухани ілтипаттың айшығы. Қазақтың үйіне арнайы келген қадірлі қонағын көтермелеп, ерекше сыйлап, шапан жауып шығарып салады. Шапан жабу дәстүрі де біздің халқымыздың теңдессіз талғамы, қонақ күту мәдениетінің асқақ көрінісі.

Задында, ел арасында татуласу, ымыраласу ниетінде қайта табысатын, табысудың түйіні ретінде шапан жабатын рәсім ұшырасады. Бұл – кешірім мен ымыраға келудің белгісі.

Шапан қазақ халқының жоғары эстетикалық талғамын, қонақжайлылығы мен мәрттігін, салт-дәстүрін сипаттап, қонақты қуантып, таңданыс, мақтаныш, құрмет сияқты сезімдерді тудыра алады. Мәселен, әлемге аты шыққан ардақты әншіміз Димаш Құдайбергеннің актер Джеки Чанға шапан жапқаны көптің есінде. Бұдан бөлек Голливуд актеры Николас Кейдждің, Францияның бұрынғы президенті Франсуа Олландтың, боксшы Майк Тайсонның және Ресейдің рэп орындаушысы Тиматидің ерекше құрметке жетіп, қазақтың ұлттық киімін киіп, көпшілікті тамсандырған. Тіпті, 2018 жылы Криштиану Роналду біздің мұнай компанияларының бірі қазақша шапан жапқан еді. Даңқы дүбірлеген спортшымыз Илья Ильин болса заманында оңтүстіккорялық поп-иконалардың бірі PSY да шапан сыйлады. Демек, шапанды кию мен жабудың да әдеп-жосыны бар екенін ұмытпасақ екен.

Дастан ҚАСТАЙ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шапан жабу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бостандық ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу бағдарламасы жалғасуда

Бүгін 17:08

Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды

Бүгін 16:52

Алматыда биыл 13 жаңа студенттер жатақханасы пайдалануға беріледі

Бүгін 16:08

Алматының Бостандық ауданында жаңа «SHUAQ» қоғамдық кеңістігі пайда болады

Бүгін 16:05

Алматыдағы педагогтердің кәсіби дамуы жаңа серпін алады

Бүгін 15:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);