AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматының бас полицейі мектептердің жаңа оқу жылын...

Алматының бас полицейі мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді

Білім және ғылым 29.08.2026, 14:05 248
Алматының бас полицейі мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді
Алматы қаласы полиция департаменті

Төтенше жағдай туындаған кезде мектеп қызметкерлері мен күзет қызметі жедел әрі нақты әрекет етуге дайын болуы тиіс, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Айдын Кабдулдинов жалпы білім беретін мектептердің дайындығын тексерді.

Жұмыс сапары барысында ол Бостандық ауданындағы бірқатар мектепке барып, білім беру нысандарындағы қауіпсіздік шараларының ұйымдастырылуымен және оқушыларды қабылдауға дайындығымен танысты.

Тексеру кезінде мектептердің инженерлік-техникалық тұрғыдан қорғалуына, өткізу режимінің ұйымдастырылуына, дабыл түймелері мен бейнебақылау жүйелерінің жұмыс істеуіне, сондай-ақ күзеттің сапасына ерекше назар аударылды.

Департамент бастығы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде формалды көзқарасқа жол бермеу керектігін атап өтті. Оның айтуынша, төтенше жағдай туындаған кезде мектеп қызметкерлері мен күзет қызметі жедел әрі нақты әрекет етуге дайын болуы тиіс.

«Балалардың қауіпсіздігіне қатысты мәселеге формалды түрде қарауға болмайды. Мектепте кіріп-шығуды бақылаудан бастап, дабыл түймесінің жарамдылығы мен кәсіби күзет қызметінің жұмысына дейінгі қауіпсіздік шаралары толық жолға қойылуы қажет. Кезекшілікте тұрған қызметкер балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, кез келген қауіп-қатерге жедел әрекет ете алатынына сенімді болуымыз керек», – деді Айдын Кабдулдинов.

Сонымен қатар тексеру барысында мектептерге іргелес аумақтардағы көше-жол желісінің жай-күйі де қаралды. Атап айтқанда, жол белгілерінің болуы мен жарамдылығы, жол таңбаларының жағдайы, жаяу жүргіншілер өткелдері, көлік қозғалысын ұйымдастыру және білім беру ұйымдарына кіріп-шығу жолдарындағы балалардың қауіпсіздігі назарға алынды.

Баланың қауіпсіздігі мектеп табалдырығын аттаған сәттен емес, оған дейін басталады. Сондықтан қауіпсіз маршрут, реттелген кіріп-шығу тәртібі және білім беру ұйымында балаларды қорғауға қажетті жағдайлардың жасалуы – ата-аналардың алаңсыздығы мен балалардың қауіпсіздігінің маңызды кепілі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Заң мен тәртіп #Алматы #мектептер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақ философиясы: тарихи мұра және заманауи үдерістер

Бүгін 20:01

Қала күні қарсаңында Алматы қуыршақ театры 91-маусымның шымылдығын ашты

Бүгін 18:44

Алматыда жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

Бүгін 18:04

«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа өнеге»: ұландықтар оқушыларға Ерлік сабағын өткізді

Бүгін 17:44

Абай университетінде халықаралық форум басталды

Бүгін 17:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);