AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Халықтың табысын арттыру бағдарламасы әзірленеді

Халықтың табысын арттыру бағдарламасы әзірленеді

Әлеумет 12.01.2022, 03:14 1,126
Халықтың табысын арттыру бағдарламасы әзірленеді
365info.kz

Халықтың табысын арттыру бағдарламасы әзірленеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Оның атап өтуінше, халықтың табысын арттыру бағдарламасын қалыптастыру үшін мемлекеттік органдармен инфляцияны тежеу, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, азаматтардың жекелеген санаттарына жалақыны арттыру және басқа да іс-шараларды қамтитын мәселелерді пысықтау ұсынылады.



«Бизнеске жүктемені түбегейлі төмендету мәселесінде кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері бойынша заңды іске асыру аясында мемлекеттік реттеудің бүкіл массивін толық қайта қарау жүргізілетін болады», - деді министр.



Әлібек Қуантыров бюджеттің кіріс бөлігін нығайту үшін, біріншіден, тау-кен секторынан қосымша түсімдер алу көзделетіндігін айтады.



«Баға конъюнктурасына байланыстыра отырып, барлық қатты пайдалы қазбалар бойынша пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың қосымша мөлшерін есептеу тетігін белгілеу ұсынылады. Екіншіден, мұнай өнімдерін өндірушілер мен жеткізушілер тізбегінен маржаның бір бөлігін алу», - деді ол.



Министр инвестициялық тартымдылықты қалпына келтіру үшін осы жылдың ақпан айында 2025 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасын қабылдау жоспарланып отырғандығын атап өтті.



«Оның аясында инвестициялар тарту саясаты ESG, жаһандық энергетикалық және технологиялық көшу талаптарын ескере отырып, қайта қаралатын болады», - деді Әлібек Қуантыров.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #президент #Тоқаев #Реформа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтің кезекшілігі күшейтіледі

Кеше 18:11

Алматының әкімі қаланың көше-жол желісін кеңейту жобаларымен танысты

Кеше 18:08

Бүгін Алматының бір метро станциясы жабылады

Кеше 16:30

«Гулливердің» Ұлттық ұланға саяхаты: Шымкентте 47 өлшемді аяқ киім киетін сарбаз қызмет етеді.

Кеше 16:20

Азиада-2026: Қазақстанның спортшыларына қанша сыйақы беріледі?

Кеше 15:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);