AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Халықты алаңдатып отырған басты сұрақ – қауіпсізді...

Халықты алаңдатып отырған басты сұрақ – қауіпсіздік

АЭС: Референдум 18.09.2024, 12:40 1,109
Халықты алаңдатып отырған басты сұрақ – қауіпсіздік
aes2024.kz

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб өкілдері Келес ауданында өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесуге «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев, аудандық мәслихат төрағасы Н.Шаулиев және бірқатар мәслихат депутаттары қатысты.

Кездесу барысында Полат Тұрсынбаев келестіктерге референдумның маңызы, энергия тапшылығы мәселесі, атом электр станциясының елге тигізер пайдасы мен оның қауіпсіздігі туралы кеңінен ақпарат берді. Ол атом энергетикасының экономикалық тұрғыдан маңызды екенін атап өтіп, елімізде энергия тапшылығы жылдан-жылға артып келе жатқанын жеткізді. Қазақстандағы электр энергиясының 70 пайызы көмірден, 20 пайызы газдан, 2 пайызы күн, жел және су көздерінен өндірілетінін айтты.

«Энергетикалық инфрақұрылымымыз ескіріп барады. Станциялардың 65 пайызы тозған. Әсіресе, оңтүстік аймақтарда энергия тапшылығы айқын сезіліп отыр. Бұл кәсіпкерлікті дамытуға үлкен кедергі келтіруде. Энергетика саласындағы мамандар атом энергетикасы – осы мәселені шешудің жалғыз жолы екенін айтуда. Халықты алаңдатып отырған басты сұрақ – қауіпсіздік. Қазіргі таңда әлемде 415 ядролық реактор жұмыс істейді, олардың барлығы дамыған елдерде орналасқан. Егер АЭС қауіпті болса, өркениетті елдер бұл технологиядан бас тартар еді. Қазір 60-қа жуық АЭС салынуда, оның ішінде көршілес Өзбекстан да АЭС құрылысына кірісіп кетті», – деді ол.

Сонымен қатар, Полат Тұрсынбаев Қазақстанның уран өндіру бойынша әлемде көш бастап тұрғанын, ал оның қоры бойынша екінші орында екенін атап өтті.

«Дамыған елдер АЭС-ке қажетті шикізатты бізден алып отыр. Ядролық отын өндіретін зауыт та өзімізде бар. Біз бұл ресурстарды ел игілігіне пайдаланбасақ, оның пайдасын қашан көреміз? Экономикалық тәуелсіздігімізді нығайту үшін АЭС салу маңызды қадам», – деп қосты.

АЭС құрылысына 2 мың жұмысшы тартылатынын және станция іске қосылғаннан кейін 8 мың жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты. Сонымен қатар, АЭС құрылысы инфрақұрылымды дамытуға да серпін беретінін, бұл жаңа жолдар, мектептер, ауруханалар және тұрғын үйлер салынуына мүмкіндік туғызатынын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АЭС #экономика #қауіпсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);