AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Халықаралық экологтар күніне орай «Эколог сағаты»...

Халықаралық экологтар күніне орай «Эколог сағаты» тақырыбында кездесу өткізілді

Әлеумет Бүгін 17:53 44 yakiya
Халықаралық экологтар күніне орай «Эколог сағаты» тақырыбында кездесу өткізілді
gov.kz

Халықаралық экологтар күніне орай жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғам назарын аудару және табиғатқа деген жауапкершілік көзқарасты дамыту мақсатында «Эколог сағаты» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шара барысында қатысушыларға экологиялық қауіпсіздіктің маңыздылығы, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы мемлекеттік саясат және әрбір азаматтың экологиялық жауапкершілігі жөнінде кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, дүниежүзілік деңгейде өткізілетін «Эколог сағаты» халықаралық экологиялық акциясының негізгі мақсаты мен маңызы түсіндіріліп, аталған бастаманың қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесі туралы айтылды.

Кездесудің спикері – Экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторының бас маман Ахметжанова Мөлдір Мейірхатқызы жастармен ашық форматта пікір алмасып, өңірдегі экологиялық ахуал, табиғатты қорғау шаралары және қоршаған ортаны ластаудың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Сондай-ақ спикер жастарды экологиялық акцияларға белсенді қатысуға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және күнделікті өмірде экологиялық әдеттерді қалыптастыруға шақырды.

Кездесу барысында қатысушылар экология саласына қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты жауаптар алды. Ашық диалог алаңы жастардың экологиялық мәселелерге деген қызығушылығын арттырып, табиғатты қорғау ісіндегі азаматтық жауапкершіліктің маңызын түсінуге мүмкіндік берді.

Шара қорытындысында қатысушыларға қоршаған ортаны қорғау тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті екендігі түсіндіріліп, табиғатты аялау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді. Аталған кездесу жастар арасында экологиялық сауаттылықты арттыруға, қоршаған ортаға жанашырлық көзқарасты нығайтуға және «Час Земли» акциясының құндылықтарын кеңінен насихаттауға өз үлесін қосты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Жасыл балабақша» жобасы аясында семинар өтті

Бүгін 17:56

Есіл жағалауындағы плоггинг акциясына ондаған адам қатысты

Бүгін 17:50

Астанада эко-челлендж басталды

Бүгін 17:42

Алматыда Саин көшесін ұзарту учаскесінде көлік қозғалысы ашылды

Бүгін 17:39

Алматыда «Эколог сағаты» экологиялық акциясы өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);