AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Халықаралық айтыста Қазақстан ақыны бас жүлдеге ие...

Халықаралық айтыста Қазақстан ақыны бас жүлдеге ие болды

Мәдениет 27.12.2023, 09:47 1,502
Халықаралық айтыста Қазақстан ақыны бас жүлдеге ие болды
Сурет: 24.kz

Өзбекстанда кейінгі 7 жылда алғаш рет халықаралық ақындар айтысы өтті.


Жыр додасы жергілікті қазақ мәдени орталығының қолдауымен ұйымдастырылды. Айтулы аламанға қазақ пен қырғыздың арқалы ақындары жиналды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


24.kz сайтының мәліметінше, ұзын ырғасы 10 жүйрік қатысқан айтыстың бас жүлдесіне 10 млн сом, яғни 400 мың теңге тігілді, ал жалпы жүлде қоры 1 млн теңгеге жуықтады.


Бұл кеште көрермен қыз бен жігіт, аға мен іні, қазақ пен қырғыз арасындағы әзілі жарасқан әдемі айтыстың куәсі болды. Достық һәм ынтымақ ұғымы кең насихатталып қана қоймай, ел мен жерде болып жатқан оқиғалар сұлу сөзбен cуреттелді.



«Айтыс әдемі болып жатыр. Бұдан артық болмайды. Бәріне рақмет. Жаңа жыл бәрімізге табыс әкелсін. Еліміз, жұртымыз тыныш болсын», - дейді Ташкент тұрғыны Санабат Сапарбекова. 



Ақындар айтысы 60 жылдан бері жергілікті телеарна эфирінен түспей келе «Замандас-Дидар» бағдарламасының мерейтойына орайластырылды. Шығармашылық ұжым Өзбекстанның түкпір-түкпірін аралап, қандастардың тыныс-тіршілігін баяндайды. Мәдениеті мен өнерінің дамып, ұрпақтан ұрпаққа мұра боп қалуына қосқан үлесі зор.


 Жыр бәйгесі 4 сағатқа созылды. Шешуші сында қазақстандық Нұрлан Есенқұлов пен өзбекстандық қандас Талғат Орынбеков кездесті. Ақындар елдік мәселелерді көтеріп, ұрымтал тұста бір-бірін сынап-мінеп те алды. Тартысты өткен финалдың нәтижесінде бас бәйге Нұрланның еншісіне бұйырды. Ал Талғат бірінші орынға лайық деп танылды. Қырғызстан және Қарақалпақстан атынан сынға түскендер де жүлде еншілеп, еліне олжалы оралды.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Халықаралық айтыс #бас жүлде #Қазақ ақыны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жаңа форматтағы емхана салынады

Бүгін 11:41

Алматыда 15 мыңнан астам қыз бала HPV-ге қарсы вакцина алды

Бүгін 11:25

Алматыда қатерлі ісікті ертерек анықтай бастады

Бүгін 11:22

Лондонда Наполеонмен соғысқан қазақтар туралы кітаптың тұсаукесері өтті

Бүгін 11:00

Алматыда құқықтық мәдениет тақырыбын көтерген конференция өтті

Бүгін 10:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);