AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / "Халатымды ашып, төсімді ұстады". Алматыда курьер...

"Халатымды ашып, төсімді ұстады". Алматыда курьер жігіт 7 тәулікке қамады

Заң мен тəртіп 18.02.2026, 15:04 279 Дина
"Халатымды ашып, төсімді ұстады". Алматыда курьер жігіт 7 тәулікке қамады
фото: ашық дереккөз

Алматыда сот қызға тиісу ісі бойынша курьер жігітті кінәлі деп таныды. Ер адам «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Не жағдай болды?

Полиция департаменті мен Алматы қалалық сотының мәліметінше, ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот оның әрекетін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы – «Ұсақ бұзақылық» бойынша саралаған.

Курьердің кінәлі деп танылып, 7 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалғаны айтылды.

Жәбірленуші курьерді жыныстық сипаттағы әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап еткенімен, іс әкімшілік өндіріс аясында қаралған.

Оқиғаның мән-жайы

Оқиға 14 ақпанда болған. Жәбірленуші Дарьяның айтуынша, курьер оған шамамен 20:40-та гүл жеткізген. Букет үлкен болғандықтан, қыз курьерден себетті дәліздің еденіне қойып беруін сұраған.

Оның сөзінше, курьер пәтерге кіріп, гүлді қойғаннан кейін қыздың халатынан ұстап, оны ашып жіберіп, кеудесіне қол тигізген. Дарья қатты шошып, ер адамды үйден қуып шыққанын және күйзеліс жағдайында есікті әрең жапқанын айтқан.

Оқиғадан кейін қыз курьерге шағымданатынын ескертіп, хабарлама жазған. Ал жауап ретінде, Дарьяның айтуынша, ер адам дөрекі сөз айтып, «ештеңе істей алмайсың» деген мазмұнда жауап қайтарған.

Қыз бірден полиция шақырып, арыз жазғанын жеткізді. Кейін ер адамның InDrive сервисінде жұмыс істегені анықталған.

Компания өкілдері курьердің аккаунты бұғатталғанын хабарлады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сот #курьер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);