AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «Ғылым туралы» заңға өзгерістер енгізіледі

«Ғылым туралы» заңға өзгерістер енгізіледі

Білім және ғылым 06.01.2023, 11:24 1,947
«Ғылым туралы» заңға өзгерістер енгізіледі
Сурет: Egemen.kz

Елімізде ғалымдардың мәртебесі көтеріледі.


Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Заңда қандай қызық өзгерістер болып жатыр? Біз ғалымдардың мәртебесін көтеру мақсатында байыпты қадамдар жасадық. Елде ғалымдардың саны айтарлықтай азайды, өйткені мансаптық тартымдылық деңгейі өте төмен. Ғылыми-зерттеу институттары қызметкерлерінің орташа жасы – 59 жас, ал Ғылым академиясы мүшелерінің орташа жасы – 69 жас», - деді Саясат Нұрбек ведомствоның кеңейтілген отырысынан кейін журналистердің сауалдарына жауап бере отырып.



Жоспарланған шараларды айта келе, министр ғылыми мекемелердің базалық қаржыландыруы қайтарылып жатқанын түсіндірді.


Сондай-ақ ол ғалымдардың жалақысы 70 пайызға өскенін еске салды.



«Ғылыми дәрежелері бар ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының қызметкерлері сараланған түрде қосымша жәрдемақы алады. Бұл өзгерістер енгізілуде. Бұған дейін мұндай дербестендірілген жәрдемақылар болмаған. Зейнеткер ғалымдарға ғылыми жетістіктері үшін қосымша сыйақылар қарастырылады. Академиямыздың мүшелері мен олардың отбасылары қосымша медициналық көмекке ауыстырылады. Қазақстандық ғалымдар мемлекеттің қолдауын сезінсе екен дейміз», - деп қорытындылады Саясат Нұрбек.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ғылым туралы заң #мәртебе #Ғалымдар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);