AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ғылым және жоғары білім министрлігі бір млн оқушын...

Ғылым және жоғары білім министрлігі бір млн оқушыны кәсіби диагностикадан өткізбекші

Білім және ғылым 30.01.2023, 10:28 1,448
Ғылым және жоғары білім министрлігі бір млн оқушыны кәсіби диагностикадан өткізбекші
Сурет: Tengrinews.kz

 «Мамандығым – болашағым» жобасы іске асырылады.


Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Жобаны қолдап отыр. Жалпы, бүгінде бүкіл мектептерде кәсіби бағдарлаушы бір маман осы мәселемен тікелей айналысады. Яғни, жас буынның келешек мамандығын дұрыс таңдауына ықпал ету өте маңызды. Сондықтан біздің министрлік тарапынан «Мамандығым – болашағым» жобасы іске асырылады. Осы жобаның шеңберінде де 1 миллионға жуық мектеп оқушысын кәсіби диагностикадан – тестілеуден өткізу жоспарланып отыр. Себебі кез келген ата-ананың көкейінде жүрген сұрақтардың бірі – «Менің баламның қабілеті қандай?». Бұл жерде әр баланың ерекше қабілетін ескеріледі. Сондықтан ғылыми тұрғыдан жасалған жүйе бойынша диагностикалық тестілеу жоспарланып отыр», - деді ол «Болашақ» қауымдастығының «Болашаққа сеніммен» атты жобасына арналға брифингіде.



«Болашақ» қауымдастығы кеңесінің мүшесі Мұхтар Манкеевтің айтуынша, кәсіби бағдарлау жұмысы АҚШ, Германия, Швеция, Жапония сияқты елдерде өткен ғасырдың ортасынан бері жолға қойылған. Қауымдастық өкілі солардың ішінде Жапонияның тәджірибесі Қазақстанға жақын деген пайымын айтты.



«Қазақстанға келетін болсақ, біздің ойымызша, Жапонияның тәжірибесі бізге жақын. Олар кәсіптік бағдар беру тұжырымдамасын жапон мектебінің жүйесін түегейлі реформалау аясында енгізген болатын. Олар 7-9 сынып оқушыларының арасында жыл сайын 16 түрлі мамандық бойынша жұмыс істейді. Сонда олар мектеп бітіргенге дейін 48 мамандық бойынша бақтарын сынап көреді деген сөз. Осылайша олар әр бағыт бойынша емтихан тапсырып, қай салаға бейімі бар, қай бағыттағы білімі сапалы екенін біледі. Сондықтан да бүгін бізден Қазастан бойынша осындай үлкен жоба қауымдастықтың атынан бастап жатырмыз. Қазір екі министрлікпен тығыз жұмыс істеп отырмыз», - деді Мұхтар Манкеев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#оқушылар #кәсіби диагностика #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);