Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Азия чемпион...

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатынан тоғыз медаль ұтып алды

Спорт 20.04.2022, 16:29 1,409
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатынан тоғыз медаль ұтып алды
Сурет: Olympic.kz

2 алтын, 5 күміс және 2 қола медальға қол жеткізді.


Моңғолия астанасы Ұлан-Батор қаласында грек-рим күресінен Азия чемпионаты аяқталды. Құрлық біріншілігіне Қазақстан сапынан 10 спортшы қатысып, оның 9-ы жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz cітеме жасап. 


Атап айтқанда, грек-рим күресінің шеберлері 2 алтын, 5 күміс және 2 қола медальға қол жеткізді. Сондай-ақ, грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы ұпай саны бойынша жалпыкомандалық есепте Азия чемпионатында көш бастады.  Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша "классиктер" барлығы 180 ұпайға ие болған. Иран құрамасы екінші болса, Қырғызстан балуандары үздік үштікті түйіндеді.



Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды 130 келіде белдескен Әлімхан Сыздықов салды. Ол финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ким Минсокты таза жеңіспен ұтты. 


Жарысқа ширек финалда қосылған ол Роман Кимді, жартылай финалда жапониялық Арато Сонададан айласын асырған болатын.


Сенсацияға баланған жеңіс



Жарыстың екінші күнінде Мейіржан Шермаханбет әдемі күрес көрсетіп, 67 келі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді. Финалда екі дүркін әлем чемпионы, екі дүркін Азия ойындарының чемпионы, екі дүркін Азия чемпионы Рю Хан Суды (Оңтүстік Корея) кілемге екі рет алып ұрып, уақытынан бұрын 11:3 есебімен жеңіске жетті.


Бес балуанда - бес күміс


Жеңіл салмақта сынға түскен Аманғали Бекболатов финалда жапониялық Ю Шиотанимен белдесті. Екеуара кездесу 13:2 есебімен жапониялық балуанның еншісіне шешілді.


Ұлан-Батор бозкілемінде Мирамбек Айнағұлов Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері атанды. 63 келінің алтынын сарапқа салған отандасымызды шешуші белдесуде Тынар Шаршенбеков тоқтатты. 


77 келіде Мақсат Ережепов қырғызстанның атақты балуаны, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ақжол Махмұдовпен белдесті. Ақтық кезеңде қазақстандық спортшы 3:1 есебімен қарсыласынан жеңіліп қалып, құрама қоржынына үшінші күмісті әкелді.



Күміс саны жарыстың екінші күні де толықты. 72 келіде Абылайхан Әмзеев Мохаммад Реза Ходжатолла Махториге есе жіберсе, 82 келіде Диас Қален Иран спортшысы Расул Саде Гармсириге қарсы тұра алмады. 


Қоржында қос қола



Қазақстан сапындағы тәжірибелі балуандардың бірі Нұрсұлтан Тұрсынов та жүлдеден тыс қалмады. Ол 87 келіде ол жұбаныш белдесуінде қырғызстандық Мелис Айтбековты 7:2 есебімен ұтып, қола жүлдеге ие болды. Ал 60 келіде Ернұр Фидахметов моңғолиялық Балжинням Цевеенравданды ұтып, қоланы қанағат тұтты. 


Осылайша, бас бапкер Серік Жұмашев баптаған грек-рим күресінен ұлттық құрама ұландары Азия чемпионатын тоғыз 9 медальмен Азия чемпионатын аяқтады. Ұлан-Батор бозкілемінде 21-22 сәуір күндері бұрымды балуандар өзара мықтыны анықтайтын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Күрес #чемпионат #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Бүгін 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47

Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтып жатыр

Бүгін 16:23

"Діни насихатты шектеу керек". Мәдениет министрлігі Баян Алагөзованың ұсынысына пікір білдірді

Бүгін 16:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика