AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026» халықаралық...

«GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026» халықаралық волонтерлер апталығының ашылу рәсімі өтті

Әлеумет Бүгін 17:13 58
«GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026» халықаралық волонтерлер апталығының ашылу рәсімі өтті
gov.kz

Қызылордада Арал өңірінің табиғатын сақтауға және экожүйесін қорғауға бағытталған «GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026» халықаралық волонтерлер апталығының ашылу рәсімі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұсынысымен БҰҰ жариялаған Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылына орай ұйымдастырылды.

Жиынның ашылу рәсіміне облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Тоғжан Зейденова, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Вера Ким мен Жанар Бимұратқызы, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Наурызбай Байқадамов, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның барлық өңірінен келген  100 волонтер және облыстағы 500-ден астам белсенді студенттер мен ерікті жастар қатысты.

Сондай-ақ, аймақтағы волонтерлік қозғалыстың өркендеуіне үлес қосып, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып жүрген бірқатар азаматтар облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Шара аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Тоғжан Зейденова сөз сөйлеп, волонтерлер бастамаларын қолдаудың маңызын атап өтті.

Ал, «Ұлттық волонтерлік желі» төрағасы, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Вера Ким Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошановтың арнайы құттықтау хатын оқып берді.

Мұнан кейін  «KZO CAMP: ONE COMMUNITY» республикалық волонтерлер слетіне қатысушылар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Президент саябағында тал егу тал егу шарасына қатысты.

«GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026» халықаралық волонтерлер апталығының ашылу салтанатынан кейін ұйымдастырылған экологиялық шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында өтті.

Бастаманың негізгі мақсаты – табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастырып, әрбір азаматтың қоршаған орта алдындағы жауапкершілігін арттыру.

Игі бастамаға облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Тоғжан Зейденова, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Вера Ким мен Жанар Бимұратқызы, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның барлық өңірінен келген 100 волонтер қатысты.

Акция аясында қатысушылар Президент саябағына тал көшеттерін отырғызып, қаланы көгалдандыруға және оның жасыл желегін молайтуға үлес қосты.

Іс-шара табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыруға, волонтерлерді ортақ игі іске жұмылдыруға және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға бағытталды.

Экологиялық акциядан кейін слетке қатысушылар Қызылорда қаласының көрікті орындарын аралады.

Атап айтқанда, волонтерлер Ботаникалық бақта болып, облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозицияларымен танысты және «Қайсар Арена» стадионын тамашалады.

Танымдық экскурсия қатысушыларға Сыр өңірінің табиғи және мәдени мұрасымен танысып, қаланың сәулеттік келбеті мен заманауи инфрақұрылымын көруге мүмкіндік берді.

20 қазан күні халықаралық волонтерлер апталығына қатысушылар Арал ауданына аттанады. Жолай Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалдық кешеніне зиярат етіп, рухани мұраға тағзым жасайды. Бұдан кейін Қамыстыбас ауылдық округінде «GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026» халықаралық волонтерлер апталығының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

21 қазанда экология және волонтерлік қызмет бағыттарын қамтитын екі бөлімнен тұратын секциялық жұмыстар ұйымдастырылады. Кездесу барысында тәжірибе алмасып, ортақ бастамаларды іске асыру мәселелері талқыланады. Бағдарлама аясында Қамбаш тынығу лагерінің аумағына тал көшеттері отырғызылады.

22 қазанда Арал теңізінің құрғаған ұлтанына сексеуіл егу жұмыстары жүргізіледі. Экологиялық акция теңіз табанын көгалдандыруға, табиғи ортаны қалпына келтіруге және қоршаған ортаны қорғау ісіне қоғамдық қолдау көрсетуге бағытталған.

23 қазанда қатысушылар Шижаға ауылдық округінің тыныс-тіршілігімен танысу көзделген. Арал қаласында аудандық балықшылар музейіне, Ә. Нұрпейісов атындағы әдебиет үйіне және «Руханият орталығына» экскурсиялар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар балық өнімдері, қолөнер бұйымдары мен жергілікті кәсіпкерлердің жәрмеңкесі өтеді. Халықаралық волонтерлер апталығының қорытынды жиыны «Руханият орталығында» ұйымдастырылып, салтанатты жабылу рәсімі өтеді.

Ауқымды бастама экологиялық жауапкершілікті арттыруға, волонтерлік қозғалысты дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Табиғатты қорғауға жұмылған ортақ күш Арал өңірінің экологиялық болашағына үлес қосып, игі істердің маңызын айқындай түседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Арал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы СNMC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Вэнь Ганды қабылдады

Бүгін 18:15

Қазақстанның жасанды интеллектіні дамыту саласындағы тәжірибесі ТүркПА-да таныстырылды

Бүгін 18:07

Алматы қаласы аумақтық және округтік сайлау комиссиясының хабарламасы

Бүгін 18:00

Мемлекет басшысы телекөпір режимінде Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсіміне қатысты

Бүгін 18:00

Алматы қаласы аумақтық және округтік сайлау комиссиясының хабарламасы

Бүгін 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);