AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Голливуд атауын пайдаланды: Алматыда қаржы пирамид...

Голливуд атауын пайдаланды: Алматыда қаржы пирамидасының басшысы 5 жылға сотталды

Заң мен тəртіп 14.11.2025, 11:32 554 dulatbekova
Голливуд атауын пайдаланды: Алматыда қаржы пирамидасының басшысы 5 жылға сотталды
Сурет: Gov.kz

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті «Warner Bros» қаржы пирамидасын құру және оны басқару фактісі бойынша тергеуді аяқтады.

Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары азаматтарды жоғары табыс уәдесімен  инвестиция салуға үгіттеген.

Жобаға заңды көрініс беруі үшін осы іске еш қатысы жоқ танымал голливудтық компаниясының атауын пайдаланған. Қатысушыларға фильм трейлерлерін қарау және жаңа салымшыларды тарту арқылы табыс табу ұсынылған.

Жоба 9 деңгейден тұрған, орташа салым мөлшері 225 мың теңге, төлемдер тек USDT криптовалютасында қабылданған.

Схеманы ілгерілету үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлер белсенді қолданылған. Администраторлар арнайы чаттар құрып, оқыту жүргізіп, нұсқаулықтар мен бейнероликтер таратқан, жылдам табыс пен криптовалюта түрінде сыйақы уәде еткен.

Тергеу барысында салымшылардан жиналған және аударылған қаражатты сақтау үшін пайдаланылған криптоәмияндар анықталды.

Сот санкциясымен жалпы сомасы 3,8 млн USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды.

Сот үкімімен ұйымдастырушыға 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, сот 40 жәбірленушінің азаматтық талаптарын қанағаттандырып, олардың залалы тыйым салынған криптоактивтер есебінен өтелетін болды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #алаяқтық #Warner Bros
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);