AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ғимараттар мен құрылыстардың жер сілкінісіне төзім...

Ғимараттар мен құрылыстардың жер сілкінісіне төзімділігін арттыру мәселелері талқыланды

Әлеумет 19.12.2023, 11:12 1,526
Ғимараттар мен құрылыстардың жер сілкінісіне төзімділігін арттыру мәселелері талқыланды
Сурет: gov.kz

Бішкекте жер сілкінісіне төзімді құрылыс бойынша халықаралық сарапшылар қауымдастығының базасында сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді арттыру мәселелері талқыланды.


Дөңгелек үстелге халықаралық сарапшылар мен ғалымдар, сондай-ақ құрылыс динамикасы және ғимараттарды табиғи, техногендік әсерлерден қорғау саласындағы ғылыми баяндамалар байқауында бақ сынаған жас ғалымдар қатысты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Дөңгелек үстел «Орталық Азия елдеріндегі ғимараттар мен құрылыстардың жер сілкінісіне төзімділігін арттыру» тақырыбына арналды. Оның негізгі мақсаты – апат туындаған жағдайда қауіпсіздік мәселелері бойынша жетекші сарапшылар мен институттардың жұмысын үндестіру.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазіргі кезде сарапшылардың назарын жер сілкінісіне төзімді құрылыс мәселелеріне аудару аса маңызды. Себебі, апат айтып келмейді демекші, жер сілкінісі де кез келген мезетте орын алуы мүмкін. Сондықтан бұл әрдайым өзекті тақырыптардың бірі. Сол себепті де дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасындағы ғимараттар мен құрылыстардың эксперименттік сынақтары, ғимараттардың динамикасы мен қауіпсіздігі саласындағы жас ғалымдардың ғылыми-эксперименттік әзірлемелерін қолдау, қазіргі жағдайда халықаралық стандарттар критерийлері бойынша мамандар даярлау сапасы бойынша баяндамалар тыңдалды.


Іс-шара соңында қатысушылар осы саладағы озық әзірлемелер аясында пікір алмасып, сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды мәселелері талқылады. Ғалымдардың пікірінше, бұл процесс үздіксіз жалғасуы тиіс.


Халықаралық конкурсқа белсенді қатысқаны үшін жас ғалымдардың 3 үздік ғылыми-зерттеу және ғылыми-практикалық жобасы «Maurer» seismic Protection Systems неміс компаниясы тарапынан жоғары бағаланып, дипломдар мен қаржылай сыйақы жеңіп алды. Конкурстың ашық, әрі әділ өтуін жетекші ғалымдар, сарапшылар, академиктерден тұратын арнайы комиссия қадағалады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ғимарат #құрылыс #төзімділік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Бүгін 19:45

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Бүгін 19:15

Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 18:03

Алматыда жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтіліп жатыр

Бүгін 16:54

Алматыда инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);