конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Гендерлік теңдік Орталық Азияда қандай жағдайда

Гендерлік теңдік Орталық Азияда қандай жағдайда

Әлеумет 25.06.2021, 10:29 2,022 Almaty-akshamy.kz.
Гендерлік теңдік Орталық Азияда қандай жағдайда
Сурет:Gov.kz.

Гендерлік теңдік Орталық Азияда қандай жағдайда


Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен «БҰҰ-әйелдер» құрылымы «Бейжіңнен Парижге дейін: Орталық Азияда міндеттемелерді іс-қимылдарға айналдыру» атты Бейжің декларациясы қабылданғаннан бері 25 жыл өткеннен кейінгі уақытта әйелдердің жағдайына қатысты өзекті мәселелерді талқылау үшін өңірдегі елдердің азаматтық қоғам өкілдерінің кездесуін ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР СІМ таратқан хабарға сілтеме жасап.


Белгілі отандық дипломат Мәдина Жарбосынованың төрағалығымен өткен кездесуге 1995 жылы Әйелдер жағдайы жөніндегі төртінші дүниежүзілік конференцияға қатысқан Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан өкілдері, сондай-ақ әр түрлі  ұрпақтың азаматтық қоғам белсенділері қатысты. Қатысушылар Бейжіңдегі  сол кездесуде қол жеткізілген уағдаластықтар әлемдегі және Орталық Азия өңіріндегі әйелдердің жағдайын жақсы жаққа қалай өзгерткені, сондай-ақ гендерлік тепе-теңдікті шын-мәнінде қамтамасыз ету және әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту үшін үкіметтер мен азаматтық қоғамға тағы не істеу қажеттігі, осы мақсаттарға қол жеткізу үшін қандай салаларда өзгерістер енгізу керектігі жөнінде өз пікірлерімен бөлісті.


Іс-шарада Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша «БҰҰ-әйелдер» құрылымының Өңірлік директоры Әлия әл-Ясир құттықтау сөз сөйледі. Оның айтуынша, «гендерлік теңдік саласындағы прогресті жеделдету қажет және өкілеттіктің тең берілуін қамтамасыз ету, әйелдердің белсенділігіне кепілдік беру және өмірдің барлық саласында әйелдерді шектейтін құрылымдық кедергілер мен кемсітушілік нормалардан арылу маңызды».


Келесі аптада Парижде «Теңдік ұрпағы» жаһандық форумы өтеді. Онда үкіметтер мен азаматтық қоғамдар өздерінің бастамалары мен басымдықтарын жаһандық деңгейде ұсына алатын болады.


«Біз Қазақстан үкіметінің, атап айтқанда, Сыртқы істер министрлігінің гендерлік теңдік мәселелері бойынша білім мен тәжірибедегі олқылықтардың орнын толтырудың неғұрлым қолайлы және тиімді жолын іздестіру жөніндегі бірлескен күш-жігердегі қолдауын жоғары бағалаймыз», – деп атап өтті Әлия әл-Ясир.


30 маусым мен 2 шілде аралығында «БҰҰ-әйелдер» құрылымының және Франция үкіметінің қамқорлығымен алдағы бес жылда гендерлік теңдік жолында прогреске қол жеткізу үшін бірқатар нақты міндеттемелерді қамтамасыз етуге бағытталған гендерлік теңдік мәселелеріне арналған жаһандық іс-шара болып табылатын «Теңдік ұрпағы» форумы өтеді.






Телеграм арнаға жазылыңыз
#Спасатели #горы Алматы #туристы #Қазақстан #гендерная #ситуация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Бүгін 19:25

Қазақстанда есту және сөйлеу қабілеті шектеулі жандар туралы тұңғыш толықметражды фильм түсіріліп жатыр

Бүгін 17:43

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 17:17

Алматылықтар сайлаушылар тізімінен өзін қалай тексереді?

Бүгін 17:15

Дауыс беру күні тіркелген жеріңізде болмайтын болсаңыз, қалай дауыс беруге болады?

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);