AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / «ҒАЗАЛҒҰМЫР» – ақын Әділғазы Қайырбековтің жыр той...

«ҒАЗАЛҒҰМЫР» – ақын Әділғазы Қайырбековтің жыр тойы тойланды

Мәдени Алматы 11.04.2025, 15:08 920 dulatbekova
«ҒАЗАЛҒҰМЫР» – ақын Әділғазы Қайырбековтің жыр тойы тойланды
Cурет: Қайрат Қоныспаев

Бүгін Алматыдағы Ұлттық кітапханада көрнекті ақын Әділғазы Қайырбековтің 70 жасқа толу мерейтойына орай «ҒАЗАЛҒҰМЫР» атты ақын бенефисі өтті, - деп хабарлайды aqshamnews. 

Әділғазы Қайырбеков – белгілі қоғам және мәдениет қайраткері, көрнекті ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет орденінің», «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты.

Көрнекті ақын 1978 жылы еңбек жолын С. Мұқанов әдеби-мемориалдық музей-үйінің тұңғыш экскурсия жетекшісі болып бастаған. 1980-2000 жылдары бұқаралық ақпарат құралдарында (Қазақ телевизиясы, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Халық кеңесі», «Қазақ елі», «Шалқар» газеттерінің редакцияларында) қызмет істеген. 2000 жылдан бері Музей кешенінің директоры, жетекшісі, аға ғылыми қызметкері. Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі, Поэзия кеңесінің төрағасы. 2014 жылы 10 томдық шығармалар жинағы жарық көрген. 

Ақын бенефисінде «Ғазалғұмыр» жыр жинағы, «Көк дәптер» мақалалар жинағы және «Библиографиялық көрсеткіш» атты кітаптары таныстырылды. Ақынның сөзінше кешті өткізудегі басты мақсаты оқырмандары, замандастары алдында есеп беру. 
Ақынның бенефисін не үшін «Ғазалғұмыр» деп атағаны туралы сұраққа автор: – «Ғазал» бұл, шығыстық ұғымда «жыр» деген мағына білдіреді. «Жырғұмыр» деген сөз. Өмірің түгел өлеңмен өту ақын үшін арман, – деген дауабын берді. 
Іс-шараны Алматы қаласы музейлер бірлестігі және Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастырды. Оның мақсаты – қазақ әдебиеті мен мәдениетін дамытуда жемісті еңбек етіп келе жатқан сөз шебері Әділғазы Қайырбековтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау.

Аталған шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов бастаған ақын, жазушылар, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов бастаған белгілі тұлғалар, ғалымдар, әдебиет зерттеушілері, музей қызметкерлері, БАҚ өкілдері және өзгеде әдебиетсүйер қауым жиналды.  

Қала әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков Әділғазы Қайырбековке Президенттің құттықтау хаты мен төсбелгіні табыстады. Сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның арнайы құттықтау хатын Ұлттық кітапхана директоры Ғазиза Нұрғалиева табыстады.

Кешті модератор ретінде журналист, қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасының бас кеңесшісі Әміржан Қосан жүргізді. Ол алғы сөзінде ақынның кәсіби білігімен қоса адами қасиеттері жайлы да атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ғазалғұмыр #Әділғазы Қайырбеков #ақын #жыр тойы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Бүгін 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Бүгін 18:54

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды

Бүгін 18:48

ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

Бүгін 18:44

Атырау әкімінің орынбасары Марат Мурзиев каратэден әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика