Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Ғасыр куәгеріне құрмет

Ғасыр куәгеріне құрмет

Өмір-өзен 16.06.2024, 16:40 695
Ғасыр куәгеріне құрмет
Almaty-akshamy.kz

Бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері, Мемлекет және қоғам қайраткері Шәңгерей Жәнібекұлы ЖӘНІБЕКОВ 100 жасқа толды. 

Ғасыр жасаған қарияны мерейтойымен құттықтап, құрмет көрсетуге  Медеу ауданы әкімінің орынбасары Айдос Нұрлыбаев, Алматы қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Бижанов, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері, замандастары мен балалары келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Әскери оркестрдің сүйемелдеуімен туған күн иесін қарсы алған қонақтар ғасыр куәгеріне ізгі тілектер айтып, гүл шоқтары мен тәттілер салынған себеттер тарту етті. 
Кеш шымылдығын Алматы қаласы Ардагерлер кеңесі төрағасы Ақан Бижанов ашып, қарт майдангерді туған күнімен құттықтады.   
– Ғасыр жасап, көпті көрген қариясыз. Сонау соғыстың зұлмат жылдары етігіңізбен қан кешіп, ерен ерлігіңізбен Отанымызды қорғадыңыз. Сіздей батырларымыздың арқасында бүгінгі жас ұрпақ көк аспан мен көк Тудың астында бейбіт өмір сүріп келеді. Сол өшпес ерліктеріңіз үшін алдыңызда бас иеміз. Сіздің өмір жолыңыз, еңбекпен өрілген табысты да жемісті қызметіңіз жастарға үлгі. Жүз жас – Алланың берген сыйы, еңбегіңіздің зейнеті. Алматылық ардагерлер атынан Сізді туған күніңізбен құттықтаймыз, - деді А.Бижанов. 
Шәңгерей Жәнібеков 1924 жылы 15 маусымда Қостанай облысы, бұрынғы Денисов ауданы, Красноармейскі округы Қарпық ауылында дүниеге келген.
II дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, Октябрь Революциясы, Халықтар достығы ордендерінің иегері отставкадағы гвардия полковнигін.
Ол майданға 1943 жылдың жазында Тула облысында кірді. Оған дейін ол Қостанайдағы медициналық техникумды бітіріп, оқу полкінде әскери фельдшер болып мерзімді қызмет атқарды.
Ғылым мен мәдениетті, әдебиет пен өнерді дамытуға, елдің рухани және зияткерлік әлеуетін арттыруға қосқан баға жетпес үлесі үшін Шәңгерей Жәнібеков «Парасат» және «Құрмет» ордендерімен марапатталған.

Салтанатты басқосуда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Р.Жақсылықовтың, Қазақстан Республикасы Қарулы күштері десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы А.Джумакеевтің, Қостанай облысының әкімінің құттықтау хаттары оқылып, табысталды.
Іс-шара соңында мерейтой иесі Шәңгерей ата өзіне көрсетілген құрмет үшін ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ғасыр #қария
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика