AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ғарыштық туризм қарқын ала бастады

Ғарыштық туризм қарқын ала бастады

Білім және ғылым 16.10.2021, 05:50 3,527 Almaty-akshamy
Ғарыштық туризм қарқын ала бастады
Cурет: 24.kz

Алдағы уақытта ғарыштық туризм додасына әуе шарлары да кіріскелі жатыр


Осыдан 20 жыл бұрын біздің Байқоңырдан америкалық кәсіпкер Денис Тито көкке ұшқан. Содан бері ғарыш туризмі пайда болды. Қазір бұл ортада бәсеке көбейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар24» телеарнасына сілтеме жасап.


Жақында америкалық миллиардер Джефф Безосқа тиесілі «Блу Ориджин» компаниясы «Нью-Шпард» ғарыш кемесімен тағы бір топ туристі саяхатқа аттандырды. Ал Ресейде жапон миллиардері халықаралық ғарыш станциясына саяхаттауға дайындалып жатыр. 


Бұл – «Блу Ориджин» компаниясының «Нью-Шепард» кемесімен ғарышқа сапар шегіп қайтқан туристердің екінші тобы. 90 жастағы канадалық әртіс Уильям Шетнер бастаған саяхатшылар Техастағы айлақтан аспанға самғап, ғарыш шекарасы саналатын 100 шақырым биіктікке дейін көтерілді. Содан кейін экипаж отырған капсула зымыраннан бөлініп жерге қайта оралды. Сапар 10 минутқа созылды. Шетнермен бірге 3 турист сапарлады. Оларды дайындауға бірнеше күн ғана кетті. Сапар жерден басқарылды. «Жұлдызды жол» сериалында капитан Кирктің ролін ойнаған Шетнер алған әсерін былай деп суреттейді. 



«Сапардан керемет әсер алдым. Бұл менің өмірімдегі ең елеулі оқиға болды. Сезімімді тілмен айтып жеткізу қиын. Алған әсерлерім ұзақ уақытқа дейін сақталары сөзсіз»,-дейді ғарышқа саяхаттаушы Уильям Шетнер.



Шетнердің саяхатын көруге Техастағы шөлейтке жүздеген адам жиналды. Алыстан ат терлетіп келгендер де бар. Жалпы бұл «Нью Шепард» ғарыш кемесінің екінші мәрте көкке көтерілуі. Алғаш рет шілде айында бірлестіктің негізін қалаушы Джеф Безостың өзі 3 туристпен саяхаттаған.  




«Мен кеше Аризонада болдым. Досым қоңырау шалып, Шетнер ғарышқа ұшқалы жатыр келіп көр деді. Содан тез жиналып жолға шықтым. Себебі мұндай сәтті көзбен көргенге не жетсін»,-дейді Форт Уэрт қаласының тұрғыны Гэри Линдси.



Ғарыш туризмі кейбіреулерді таң қалдырып жатса, енді бірі сынға алып жатыр. Мысалы Ұлыбритания патшайымы отбасының мүшесі ханзада Уильям қазір адамзат үшін мұндай коммерциялық жобалардан көрі ғаламдық жылынумен күресу маңызды дейді. 



«Климаттың өзгеруіне байланысты келешек ұрпақтың болашағына зор қауіп төнді. Бұл қатты алаңдатады. Сондықтан әлемнің алғыр ойлы азаматтары өзге ғаламшарда өмір сүру орындарын іздегенше, жер шарымызды қалпына келтіруге күш салғаны жөн»,-дейді Кембридж герцогы Ханзада Уильям.



Қалай дегенмен ғарыш туризмі қарқын алып келеді. Мысалы алдағы желтоқсан айында Байқоңырдан халықаралық ғарыш станциясына Союз зымыранымен ресей ғарышкері Александр Мисуркинмен бірге Жапонияның ең бай адамы Юсаку Маэдзава және тағы бір жапондық турист аттанады. Олар ғарыш станциясында 10 күн болады. Сапарды америкалық «Ғарыш оқиғалары» атты компания жүзеге асырғалы отыр.  



«Blue Origin мен Virgin Galactic компанияларының туристері тек 100 шақырым биіктікке көтерілді. Ал біздің саяхатшылар халықаралық ғарыш станциясында 10 күн өмір сүреді. Қазір біз ғарыш туризмі нарығында түрлі бағыттарды қарастырып жатырмыз»,-дейді Space Adventures компаниясының президенті Том Шелли.



Алдағы уақытта ғарыштық туризм додасына әуе шарлары бел шеше кіріскелі жатыр. Америкалық «Уольд Вью» компаниясы 2024-ші жылы әуе шарымен стратосфераға алғашқы туристерді аттандырмақшы. Әуе шарына бекітілген капсулада 8 адамға арналған орын болады. Сапар 6-8 сағатқа созылып, туристер жерден 30 шақырым биіктікке көтеріледі. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ғарыш #туризм #Әуешары #Байқоңыр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);