AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / ҒАЛЫМНЫҢ ӨШПЕС МҰРАСЫ

ҒАЛЫМНЫҢ ӨШПЕС МҰРАСЫ

Тұлға 07.03.2025, 10:57 602
ҒАЛЫМНЫҢ ӨШПЕС МҰРАСЫ
Қайрат Қонысбаев

Академик Шора Сарыбаевтың туғанына 100 жыл

Профессор Шора Шамғалиұлының есімі ауызға ілінгенде көз алдыңа қазақ тіл білімінің тұтас бір кезеңі келеді. Академик Ш.Сарыбаев тіл білімі саласында орны бөлек тұлға болды. Ғалымның еңбектері бүгінде де қолданыстағы тіл ғылымында қызмет етіп келеді. Биыл айтулы ғалымның өмірге келгеніне ғасыр толып отыр. Ал Алматыда академик Ш.Сарыбаевтың 100 жылдығына байланысты ғылыми-танымдық іс-шаралар басталып та кетті.

Бесінші наурыз күні Алматыдағы Ұлттық кітапханада А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұйымдастыруымен «Тілтанымдық мектеп: Академик Шора Шамғалиұлы Сарыбаев» атты ғылыми-практикалық «дөңгелек үстел» өтті. «Дөңгелек үстелдің» модераторлық тізгінін Тіл білімі институтының директоры, филолог-ғалым Анар Фазылжан ұстады. Жиында Қазақстанның және бауырлас мемлекеттердің ғалымдары, Шора Шамғалиұлының туыстары сөз алды. Академик туралы бейнебаян көрсетіліп, республикалық байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі қатар өтті.

Ғылыми-танымдық іс-шарада профессор-ғалымдар «Ғылымның өшпес шырағы», «Академик Шора Сарыбаев: ұлттық құндылықтар мәселелері», «Шора Сарыбаев және қазақ диалектологиясы» тақырыптарында баяндамалар жасады. Баяндама жасағандар, шығып сөйлеушілер қатарында академиктер З.Базарбаева, К.Құрманәлиев, профессорлар Қ.Күдеринова, Н.Уәли, Ж.Манкеева, Е.Омаров, М.Малбақов болды.

Осы жиын ортасында академиктің қызы, профессор Майра Сарыбаеваның «Филологтың әлемі: Шора Сарыбаев» атты жаңа кітабының тұсауы кесіліп, ғылыми ортадағы көпшілікке жол тартты. Бұл да болса ғалымның ғасыр тойында шашылған шашу сынды есте қалды. Сонымен бірге, тіл ғалымының ұлы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі, Азия Кеңесі Бас хатшысы Қайрат Шораұлы Сарыбаев әке және тұлға жайында жүрекжарды естелік айтты.

Ұрпаққа ұласқан тектілік

Шора Сарыбаев жөнінде сөз қозғағау үшін үлкен лингвист ғалымның терең білімді зиялы ретінде қалыптасу жолын тым әріден бастауға тура келетіндей. Өзі бір дәуірде қазақ зиялылары рухани астана ретінде топтасқан Тәшкенде сонау 1925 жылдың көктемінде текті әулетте дүниеге келген. Шора Сарыбаевтың әкесі Шамғалидың өзі де «Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрету әдістемесі» тақырыбында диссертация қорғаған тұңғыш қазақ еді. Сондай бастаудан тәрбиенің тұнығын ішкен Шораның, бауырларының басқадай боп қалыптасуы мүмкін емес те еді. «Шора Шамғалиұлының інісі, танымал өнер қайраткері Болат Сарыбаев – қазақ халқының музыкалық аспаптары мен дәстүрлі қазақ музыка мәдениетінің жандануына айтарлықтай еңбек сіңірген саңлақ..» деп келтіреді академик Зейнеп Базарбаева. Тектінің ізі, композитор Талғат Сарыбаев болса қазақ мәдениетінде «Гүлдер», «Арай», «Жетіген» ансамбльдерінің құрылуына мұрындық боп, халық әндері мен қазақ композиторларының әндерін эстрадалық үлгіде өңдеп, таралуын қамтамасыз еткен. Шора Шамғалиұлының ұлы Қайрат белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат.

Ұрпақ сабақтастығы осылай қалыптасқан еді. Академик Шора Сарыбаев ғылымға диалектология, лексикология, алтай тілдерін, тілдер тарихын меңгеріп келген ғалым. Ғалым 300-ден астам ғылыми мақаланың, жиырмадан астам монографияның авторы. Ғалымның еңбектері өзбек, араб, қырғыз, татар, түрік тілдеріне аударылып, сол елдердің қажетіне жарауда.

Ш.Сарыбаев қазақ тіл білімі ғылымы мен қазақ қоғамында өшпестей із қалдырған тұлға. Ол – ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академігі, филология ғылымының докторы, професср, Қазақ КСР Еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері. Көптеген шәкірт тәрбиелеп, олардың ғылымға келуіне көмектескен ұстаз.

Тоқсаннан асып ғұмыр кешіп, артында мол мұра қалдырған ғалымның есімі ел жадынан өшпейді.

А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры, ғалым Анар Фазылжан – «Біздің үлкен ғалым-ұстаз Шора Шамғалиұлының есімін ауызға алмайтын, ғалымға арқа сүйемейтін күніміз жоқ..», – деген болатын.

Осындай ұрпақ сабақтастығы, ғылым жалғастығы ұзағынан болсын.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шора Сарыбаев #Тұлға #академик
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 21:51

Наурыз жаңа форматта: мереке алғаш рет Алматы ипподромында өтті

Бүгін 20:02

Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?

Бүгін 19:34

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 18:23

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика