AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ғалымдар сиыр сүтін алмастыратын өнім ойлап тапты

Ғалымдар сиыр сүтін алмастыратын өнім ойлап тапты

Білім және ғылым 11.08.2023, 04:39 1,255
Ғалымдар сиыр сүтін алмастыратын өнім ойлап тапты
Сурет: Ашық дереккөз

Жоба қазір ғылымды коммерцияландыру сатысынан сәтті өтіп, өндіріске дайындалып жатыр. Демек өсімдіктен жасалған сүт сусындарының нарыққа шығатын күні алыс емес, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Хабар24 -ке сілтеме жасап.


Әрине табиғи сүтке ештеңе жетпейді. Мәселен күнделікті қолданатын сиыр сүті қоректік заттар мен дәрумендерге бай. Құнарлылығы тағы бар. Тек осы сүтті іше алмайтын адамдар бар. Ұнатпағандықтан емес, лактозаға аллергиясы бар жандар амалсыз сүттен бас тартады. Астаналық ғалым Гүлназым Оспанқұлова сиыр сүтіне балама ойлап шығарды. Яғни, арпа, бидай, сұлы, күріш және соя өсімдігінен сүт жасайды. 


«Жобамызда қарастыылған өсімдік негіздегі сүт алмастырғыштары ойлап тауып, жүзеге асырып, Қазақстанда шығармақшы болдық. Ғылым қоры арқылы грант ұтып алдық, алдында зерттеу өткіздік, зерттеу нәтижеге алып келдік. Сол нәтижелерді енді қазір грант арқылы үлкен өндіріске шығармақшы болып отырмыз. Автор жобаның өндіріске толық дайын екенін айтады. Қазір ғылым қорының грантымен арнайы жабдықтарға тапсырыс беріп, зауыт ашу жұмыстарын бастаған. Айтуынша, зауыт күніне 8 мың литр өсімдік сүтін шығаруға қауқарлы болмақ. Бұл ішкі нарық сұранысын толық қамти алады»,– дейді жоба жетекшісі Гүлназым Оспанқұлова.


Ғалымдар әлем халқының 75 пайызы осы лактозаға төзбей аллергиямен арпалысатынын айтады. Біздің елде де әсіресе балалар арасында жиі кездесе бастаған. Алайда ғалымдар оның да жолын тапты.


«Сапасын бақылау мақсатында осы жерде өңделіп дайындалады. М/лы мына реакторларды, бидайларды ұнтақтатып, бидай, арпа деген сияқты заттардың бәрін ұнтақтатып, осы жерде лабараториялық жағдайды сапасын анықтау және рецебін дайындау мақсатында мамандармен өңдейміз. Оның ішіндегі белок құрамына, дәмдік сапасына байланысты, органикалық қасиеттеріне байланысты баға беріп, рецебін өзгерту туралы мамандармен қалай жақсарту мақсатында кішкентай цех ретінде дайындаймыз»,– дейді коммерцияландыру жөніндегі маман Марат Мұратхан,


Өсімдік негізіндегі баламалы сүт өнімдеріне қазірден сұраныс көбейе бастаған. Әлемдік журналдарға шыққан біздің ғалымның мақаласын көрген қытайлық ғалымдар ұсыныс жасап, қызығушылық танытқан. Елімізде сүтті алмастыратын шетелдік баламалар бар. Дүкен сөрелерінде де самсап тұр. Алайда отандық биологтар олардың сапасына күмәнмен қарайтынын жасырмады. Әрі бағасын кез-келгеннің қалтасы көтере алмайды. Сондықтан отандық өнімнің құнын қолжетімді етпек.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ғылым #сүт өнімі #өсімдік сүті
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алғашқы түнгі Almaty Glow Ride велошеруі өтеді

Бүгін 13:12

Қазақстандықтардың автонесиеге қызығушылығы төмендеді

Бүгін 12:15

Алматы Euronews эфирінде: халықаралық аудиторияға шаһардың туристік келбеті таныстырылды

Бүгін 12:12

Алматы GITF 2026 көрмесінде үздік мәдени туристік бағыт атанды

Бүгін 11:31

Алматыдағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында ЛОР-хирургияның жаңа бағыты іске қосылды

Бүгін 11:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);