AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Ғалымдар жүрек ауруының өршуін төмендететін алты ө...

Ғалымдар жүрек ауруының өршуін төмендететін алты өнімді атады

Медицина 18.08.2023, 09:43 1,367 Almaty-akshamy.kz. 
Ғалымдар жүрек ауруының өршуін төмендететін алты өнімді атады
Сурет: ашық дереккөз

Макмастер университеті жүргізген зерттеу алты өнімге бай диета жүрек жұмысын жақсартып, жүрек-қан тамыр ауруларының туындау қаупін төмендететінін анықтады. Зерттеу Еуропа кардиологтар қауымдастығының «European Heart Journal» журналында жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, 2019 жылы 18 миллион адамның өліміне жүрек-қан тамыр аурулары себеп болған. Бұл – әлемдегі өлім жағдайының 32%-ы. Оның 85%-і жүрек ұстамасы мен инсульт салдарынан болған.


Мұндай дертке әкелетін негізгі себептер – шылым шегу, ішімдік, дұрыс тамақтанбау, холестерин мөлшерінің көп болуы, артық салмақ пен физикалық белсенділіктің аздығы. Зерттеушілер әлемнің 80 елінен 245 000 адамды зерттеді. Рационында жеміс-жижек, көкөніс, бұршақ өнімдері, жаңғақ, балық пен қаймағы алынбаған сүт көп адамдарда жүрек-қан тамыр аурулары туындау және өлім қаупі бұл өнімдерге жеткілікті дәрежеде көңіл бөлмеген адамдарға қарағанда төмен екені анықталды.


Зерттеу авторлары PURE жаһандық зерттеу нәтижелерін талдады. Бұл зерттеудің басқалардан айырмашылығы – табысы жоғары, орташа және төмен елдердің нәтижелері қосылды. Талдауда мынадай факторлар ескерілді: жасы, жынысы, белдің мықынға қатынасы, білім деңгейі, табысы, қала немесе ауылды жерде тұратыны, физикалық белсенділігі, темекі шегу-шекпеуі, диабет, статиндер немесе жоғары артериялық қысымға қарсы ішетін дәрілер.


9 жыл ішінде 15 707 өлім мен 40 764 жүрек-қан тамыр ауруы тіркелді. Дұрыс тамақтанған адамдар арасында өлім қаупі 30%-ға, ЖҚА туындау қаупі 18%-ке, миокард инфарктісі – 14%, инсульт 19%-ға азайғаны анықталды. Осылайша, ғалымдар тамақтану рационына күніне 2-3 порция жеміс, 2-3 порция көгөніс, аптасына 3-4 порция бұршақ өнімдері, 7 порция жаңғақ, 2-3 порция балық және 14 порция қаймағы алынбаған сүт өнімдерін қосуды ұсынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жүрек #ауру #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық боксшылар Сербиядағы турнирде жеті медаль жеңіп алды

Бүгін 18:32

Өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі кикбоксингтен әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:29

Қазақстандық оқушылар OIBO-2026 халықаралық ашық биология олимпиадасына қатысуда

Бүгін 18:26

Мәдениет шамы сөнбесін

Бүгін 17:36

Астанада «Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);