Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / FlyArystan Алматыдан Ыстықкөлге алғашқы рейсті оры...

FlyArystan Алматыдан Ыстықкөлге алғашқы рейсті орындады

Барлығы 04.07.2025, 09:52 660
FlyArystan Алматыдан Ыстықкөлге алғашқы рейсті орындады
FlyArystan әуекомпаниясы ұсынған сурет

3 шілдеде қазақстандық лоукостер FlyArystan халықаралық жаңа бағыт – Алматыдан "Ыстықкөл" халықаралық әуежайына (Тамшы). Бұл бағыттың ашылуымен жолаушылардың Орталық Азиядағы ең танымал курорттардың біріне – бар болғаны бір сағат ұшумен – тез әрі қолжетімді түрде жету мүмкіндігі пайда болды.

Рейстер 2025 жылғы 31 тамызға дейін аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Бейсенбі күндері Алматыдан ұшу уақыты – 15:05, Тамшыға қону уақыты – 17:00. Кері рейс 18:00-де ұшып, Алматыға 18:00-де қонады. Жексенбі күндері рейс Алматыдан 13:15-те ұшып, Тамшыға 15:10-да жетеді. Қайтар рейс 16:10-да ұшып, Алматыға 16:10-да келіп қонады.

"Жаңа бағыт FlyArystan-ның халықаралық маршруттар желісін белсенді түрде кеңейтуінің бір бөлігі болып отыр. Шілде айында әуекомпаниямыз Атырау – Ташкент тікелей рейсін де іске қосады, оның алғашқы ұшуы 15 шілдеге жоспарланған. Ұшу географиясының кеңеюі FlyArystan стратегиясының өңірлер арасындағы байланысты нығайту және Орталық Азиядағы туристік әрі іскерлік ағынды арттыруға бағытталғанының айқын дәлелі. Біз жолаушылар тарапынан жаңа бағыттарға деген қызығушылықтың артып жатқанын көріп отырмыз және бұл сұранысқа сай халықаралық бағыттар желісін одан әрі дамытуды жалғастырамыз", - деді "FlyArystan" АҚ президенті Ричард Леджер. 

Бір бағытқа ұшу құны "Комфорт" тарифі бойынша 23 317 теңгеден басталады (2025 жылғы 3 шілдедегі баға). Бағаға орын таңдау, 20 кг-ға дейінгі тіркелген жолжүк және өлшемі 56×23×36 см-ден аспайтын 5 кг-ға дейінгі қолжүгі кіреді. Билеттерді FlyArystan мобильді қосымшасы, www.flyarystan.com ресми сайты және туристік агенттіктер арқылы сатып алуға болады.

Анықтама: FlyArystan – Air Astana тобының 100% еншілес компаниясы болып табылатын қазақстандық лоукостер. Ол өз қызметін 2019 жылдың мамыр айында бастады. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап FlyArystan өз сертификатымен, FS коды бойынша тәуелсіз әуекомпания ретінде қызмет көрсетуде. Әуекомпания Алматы, Астана және Ақтау қалаларында орналасқан базаларындағы заманауи A320 ұшақтарынан құралған әуе паркімен кең ауқымды маршруттар желісі бойынша рейстер орындайды. FlyArystan маршруттар желісі ішкі және халықаралық рейстерді, сондай-ақ чартерлік бағыттарды қамтиды. FlyArystan 2023, 2024 және 2025 жылдары үш рет Skytrax World Airline Awards тарапынан Орталық Азия және ТМД-ның ең үздік бюджеттік әуекомпаниясы деп танылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#FlyArystan #әуекомпания #Алматы #Ыстықкөл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика